Атап айтқанда, Инвестициялар және өнеркәсіп министрі Мухаммад ат-Танимен болып өткен сұхбатында біріккен жобарларды жүзеге асырудың бүгнінгі жағдайы мен инвестициялық, сауда-экономикалық салаларда өзара ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша нақты бастамалар қарастырылды. Тараптар екі елдің іскер топтары байланысын нығайту, инвестициялық және өндірістік кооперациясын арттыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға өзара дайын екендіктерін растады.
Катардың ірі компания басшыларымен өткен келіссөздерде Қатар компанияларының тікелей инвестициясын тарту барысында Өзбекстан экономикасының басым секторларында ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру болашақтары талқыланды. Еліміздің инвестициялық және өнеркәсіптік әлеуеті көрсетіліп, соңғы жылдары инвестициялық белсенділік үшін жасалған қолайлы жағдайлар атап өтілді.
Біріккен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнімдері, «жасыл» энергетика, инфрақұрылымдық даму, тұрмыстық химия, құрылыс материалдары өндірісі салаларында жобаларды жүзеге асыру және қаржылық-техникалық ынтымақтастықты дамыту келісілді.
Кездесулердің соңы Катар іскерлер шеңберінің Өзбекстандағы біріккен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылықтары жоғары екендігін, Өзбекстан тікелей инвестиция тарту мен бизнес географиясын кеңейту үшін тартымды бағыттардың бірі екенін тағы бір рет растады, деп хабарлады Инвестициялар министрлігінің баспасөз қызметі.