Шавкат Мирзияев ауылшаруашылық инфрақұрылымын жақсарту жөнінде кеңес өткізді

    Билік 19 Iyul 2021 5756

    19 шілдеде Президент Шавкат Мирзияев сорғы станцияларын жаңарту арқылы ауылшаруашылық инфрақұрылымын жақсарту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

    Қазіргі уақытта елде 1687 сорғы станциясы бар. Оның 299-ы ескірген және солар арқылы суарылатын жерлердің 80 мың гектары пайдаланудан шығарылып, 607 мың гектарын сумен қамтамасыз ету нашарлаған.

    Бұл сорғы станцияларын жаңарту үшін жалпы 700 миллион еуро қажет болады.

    Шетелден тартылар 146 миллион еуро көлеміндегі несиеге бірінші орында, Сұрхандария, Қашқадария, Самарқанд, Науаи және Бұхара облыстарындағы барлығы 95 сорғы станциясын жаңарту жоспарланған.

    Бүгінгі жиында Су ресурстары министрлігіне құрал-жабдықтар сатып алу бойынша тендерлерді жыл соңына дейін аяқтап, құрылысты бастау тапсырылды.

    Жаңартуға қажет сорғылардың 86 түрінің 15-і, 80 түрдегі электр қозғалтқыштарының 20-сы отандық кәсіпорындарда шығарылады. Мемлекет басшысы құрал-жабдық сатып алу кезінде оны кеңірек қолдану қажеттігін айтты.

    Осы жоба аясында 40 мың гектар жерді пайдалануға қайтару мен 315 мың гектарын сумен жабдықтау жоспарланған. Атап айтқанда, Бұқара мен Науаи облыстарында 3-тен ауданда, Қашқадарияда 5, Самарқандта 6 және Сұрхандария облысында 11, барлығы 28 ауданда суару қабілеті артады.

    Премьер-министрдің орынбасарлары мен облыс әкімдеріне сумен қамтамасыз ету жақсаратын аудандарға жоғары кірісті дақылдар егіп, 80 мың адамды тұрақты жұмыспен қамту бағдарламасын қабылдау тапсырылды.

    Президент осы жобада қамтылған жерлерге су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы суды тұтынуды 40% төмендетуге және қосымша 20 мың гектар жерді пайдалануға беруге болатындығын атап өтті.

    Сорғы станцияларына техникалық қызмет көрсету бойынша мамандардың біліктілігін арттыру, оқу курстары мен шеберханаларын ұйымдастыру қажет екендігі айтылды.