Ауыл шаруашылығы саласында Әзербайжанмен ынтымақтастық жандана түседі

    Агросектор 4 Mart 2024 1121

    Өзбекстан елшісі Бахром Ашрафханов Әзербайжанның Ауыл шаруашылығы министрі Мажнун Мамедовпен кездесті.

    Диалог барысында ауыл шаруашылығы саласындағы Өзбекстан-Әзербайжан ынтымақтастығының бүгінгі жағдайы мен оны одан әрі дамыту болашағы талқыланды.

    Әзербайжан тарапына Өзбекстанның ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ Өзбекстан ауыл шаруашылығын 2030 жылға дейінгі дамыту стратегиясының негізгі мән-мазмұны мен мақсаттарына тоқталды. Фермерлерді қолдап-қуаттау, ауыл шаруашылығын цифрландыру, суды тиімді пайдалану, жаңғақ, анар және жүзімнің ерекше сұрыптарын өсірудегі озық Әзербайжан тәжірибесін зерделеу және Өзбекстанға енгізу бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылғаны айтылды.

    Министр өз кезегінде, Әзербайжанда жергілікті фермерлерді қолдап-қуаттау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды және Өзбекстан тарапынан өзара қарым-қатынасты одан әрі жандандыруға дайын екенін жеткізді.

    Мажнун Мамедов, сондай-ақ Өзбекстан кәсіпкерлерін Әзербайжандағы мал шаруашылығы мен жер учаскелерінде түрлі дақылдарды егу бойынша инвестициялық жобаларға қатысуды ұсынды.

    Кездесуде үстіміздегі жылдың 15-17 май күндері Баку қаласында өтетін «Caspian Agro 2024» және «Interfood Azerbaijan 2024» көрмелеріне Өзбекстанның ауыл шаруашылығы саласы өкілдерінің қатысуын ұйымдастыру мәселелеріне де назар аударылды, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates