Құжатпен «Ауыл шаруашылығы және азық-түлік саласындағы жобалар орталығы» жоба офис құрылуда. Оның директорлығына Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары үшін белгіленген өкілеттіктер беріледі, ал директор Президент Администрациясы тарапынан лауазымға тағайындалады.
Жоба офисінің негізгі қызметі:
- ауыл шаруашылығы және азық-түлік, сонымен қатар өсімдіктер карантині және қорғау, ветеринария, мал шаруашылығы, асыл тұқымды селекция, жібек өсіру, жайылымды пайдалану салаларын реформалау бойынша іс-шаралар мен болашақ бастамаларды әзірлеу;
- халықаралық ұйымдар берген ұсыныстарды жалпыландыру және қолайлы бастамалардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
- салада сақтандыру қызметін дамыту бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;
- салаға бөлінген субсидия қаржының тиімділігін талдау негізінде олардың нәтижелілігін арттыру;
- салада ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізу және интенсивті әдісте өнімді қарқынды өндіру;
- ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін өндіруде, сақтауда, қайта өңдеуде және сатуда жоғары қосылған құнның тізбегін құру, оларды Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына бейімдеу, ауыл шаруашылығында климаттың өзгеруіне бейімделу және оның зардаптарын азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- саладағы реформалардың негізгі бағыттарын әзірлеу және базар қағидаттарын енгізу;
- саланы цифрландыру, кадрларды даярлау бойынша ұсыныстар дайындау.
Жоба офисі ай сайын ауыл шаруашылығы және азық-түлік саласын реформалаудың жағдайы, жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар, реформаларды жүзеге асыруға кедергі келтіретін факторлар, оларды жою жолдары туралы Президент Админстрациясына ақпарат береді.
Құжат Заң құжаттарының мәліметтері ұлттық базасында жарияланған және 2024 жылдың 21 июінен күшіне енеді, деп хабарлайды «Norma» порталы.