Ауыл шаруашылығы тәуекелдерін сақтандыру саласындағы қатынастарды реттейді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кезінде төмндегі бір немесе бірнеше тәуекелшілер бойынша ауыл шаруашылығын сақтандыру шарттарын жасайды:

табиғи және техногендік апаттар;

өрт;

өсімдіктердің зиянкестері мен аурулардан зақымдануы;

ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы ауруларының таралуы және улануы;

жабайы жануарлардың егіндерді жайпап тастау немесе ауыл шаруашылығы жануарларыназиян жеткізуі;

үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері.

Ауыл шаруашылығы министрлігі осы саладағы үйлестіруші мемлекеттік органы.

Ауыл шаруашылығы сақтандыруды мемлекет тарапынан қолдап-қуаттауда сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігін және жеткізілген залалдардың сақтандыру сыйлықтары мен қайта сақтандыру қаржылары есебінен компенсацияланбаған бөлігін өтеу үшін бюджет субсидияларын бөлу арқылы жүзеге асырылады.

Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығын сақтандырушы ретінде Ауыл шаруашылығын сақтандыру қоры құрылады.

Заң ресми жарияланғаннан кейін 3 ай өткен соң күшіне енеді.