2026 жылға дейін аграр және азық-түлік саласына әр жылы 1 миллиард доллар инвестиция тартылады

    Бұл туралы астанамызда «Тұрақты даму мақсаттары: азық-түлік қауіпсіздігі және сумен қамтамасыз ету» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда Ауыл шаруашылығы министрі Азиз Воитов айтты.

    «Жаңа Өзбекстан: даму, инновация және ағарту» тақырыбындағы Халықаралық серіктестік бастамалары апталығы аясындағы іс-шаралар міне, осындай өзекті тақырыптарға арналғанымен жұртшылықтың назарын аударуда.

    Министр еліміздің тұрақты дамуындағы азық-түлік пен ауыл шаруашылығы саласының рөліне тоқталып, жүйедегі жаңарулар туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, саланы басқаруда мемлекеттің қатысуын азайту және инвестициялық тартымдылықты арттыруда халықаралық ұйымдармен және қаржы институттарымен тығыз ынтымақтастық орнатылған.

    Кәсіпкерлердің жобаларына ХҚИ-нан 2,5 миллион доллар инвестиция тартылып, жалпы құны 1,3 миллиард долларлық, сондан жеміс-көкөніске 1,1 миллиард доллар, шаруашылыққа 270 миллион доллар және басқа бағыттарға 11,9 миллион доллар құнындағы 4 мың жоба іске қосылды.

    2026 жылға дейін аграрлық және азық-түлік саласына жыл сайын 1 миллиард доллар инвестиция тартылады.

    Мақта мен астықта толық базар механизміне өтіп, баға ырықтандырылып, әлемдік және аймақтық базарға сәйкестендірілді.

    Фермер мен диқандарға жер бөлуде жергілікті билік органдарының қатысуы жойылды, жариялылық онлайн жүйесіне өткізілді.

    Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығын дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған стратегиясы тоғыз пункттен құралып, бірінші пункт халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жаһандық маңызы бар міндет. Бұл міндетті орындау үшін кейінгі жылдары жерді тиімді пайдалану және егін түрлерін әртараптандыру мақсаттары негізінде көптеген өзгерістер жасалды. Айту орынды, астық пен мақта алқаптарын қысқаруға байланысты жеміс-жидек пен көкөніс егу көлемі артты.

    Ендігі мәселе – кооперациялар жүйесі. Шағын диқан шаруашылықтарын кооперация арқылы ірі кәсіпкерлік субъектілеріне айналдыру, шығындарды азайтып, кірісті арттыру, қаржыландырудың жаңа мүмкіндіктерін туғызу жұмыстары жүргізілуде.

    Суды ұтымды пайдалану, қаржылық ғана емес, сонымен қатар білім инвестициялары да үнемі назарда. 1,4 миллион гектар жерге су үнемдейтін технология енгізіліп, 4,5 миллиард текше метр су үнемделді, 350 миллиард сум субсидия берілді.

    Алдағы 5 жылда тағы 500 мың гектар жер пайдалануға енгізілді, 2 миллион гектар жерге су үнемдеу технологиясы енгізіледі.

    Ирригация және мелиорация жағдайдың нашарлауы нәтижесінде 1 пайдалануға жарамсыз 1 миллион га жерді айналымға шығару Тұжырымдамасы қабылданды.

    Өткен кезеңде айналымға шығарған, суарылатын, жайлау жерлерден 580 мың гектары пайдалануға берілді. Игерілген жерлерде 280 мың адам жұмыспен қамтылып, қосымша 3,7 миллион тонна өнім өндірілді.

    Ауыл шаруашылығы жерлердің шетелдік инвестициясы бар кәсіпорындарға 25 жылға жалға беру туралы шешім қабылданды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates