Кездесуде қатысушылар парламенттік қызметпен, атап айтқанда, заңдылық және заң шығармашылығы үдерісімен жақыннан танысып, сенаторлармен жанды тілдесу нәтижесінде саяси білімдері мен дағдыларын одан әрі байыту мүмкіндігіне ие болды.

Олий Мажлис Сенатының Әйелдер және гендерлік теңдік мәселелері комитетінің төрайымы М.Қадирханова бүгінде жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгерістердегі әйелдердің рөлі мен қатысуына тоқталып, әрбір жүзеге асырылып жатқан өзгерістермен жақыннан танысу, мүмкіндіктерді пайдалану маңыздылығын айтты.

Сондай-ақ Сенат қызметінің құқықтық негіздері, өкілеттері мен міндеттері, заңдарды қарау мен қабылдау үдерісінің кейбір сипаттары, парламенттік бақылауды жүзеге асыру туралы толық ақпарат берілді.

Айта кететін жайт, 2019 жылдан бері Халық ағарту министрлігінің бастамасымен Қизларжон клубында лидерлік, әлеуметтік-саяси  белсенділікті, рухани-ақылақтық тәрбиесін жетілдіру, кәсіби-шеберлігін арттыру мақсатында 38 мыңнан астам оқушы-қыз қамтылған.

Оның ішінде 120 студент модератор қызметін атқарса, 14 мыңға жуық оқушы-қыз теңдік қағидасы негізінде түрлі мазмұндағы кездесулер ұйымдастыруда.

Шынайы диалог барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауаптар алды.

 Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.