Парламенттің төменгі палатасының талқылауына ұсынылған «Өзбекстан Республикасының кейбір заңдылық құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» заң жобасына сәйкес, Заң шығару палатасы мен Сенатқа өзін-өзі таратуға өкілеттік берілуде.

Мұндай жағдайда Заң шығару палатасына жаңа сайлау 2 ай ішінде өтеді. Сенаттың жаңа құрамы 1 ай ішінде қалыптастырылады.

Заң жобасына сәйкес, Сенат мүшелері әр бір әкімшілік-құқықтық бірліктен  4 депутат сайланады, 9-зын Президент тағайындайды (жалпы 65) белгіленуде. Тұрақты түрде істейтін сенаторлардың саны қолданыстағыдай 25 болып сақталып қалды.

Сенаттың төмендегі өкілеттіктері жойылады және Заң шығару палатасының абсолютті өкілеттігі ретінде белгіленуде:

➖Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылау және Есеп палатасының есебін қарау;

➖Президенттің ұсынуы бойынша Премьер-Министрдің кандидатурасын қарау және бекіту;

Премьер-Министрдің, Үкімет мүшелерінің есептерін және Министрлер Кабинетінің әр жылдық есебін тыңдау.

Заң шығару палатасы Спикері орынбасарларының саны 7-ден 2-ге дейін қысқартылды, сондай-ақ Спикердің орынбасарлары фракция мүшесі бола алмайтыны және  лауазымды кезінде саяси партиядағы мүшелігікті тоқтатып тұру белгіленуде.