Қоқан қаласы ежелден қолөнер, сауда және ұлттық аспаздық өнері дамыған ірі мәдени орталықтардың бірі саналады. Осындай бірегей гастрономиялық мұра үлгілерінің бірі – Қоқан пәтірі. Ол өзінің қайталанбас дәмімен, дәстүрлі рецептісімен және әзірлеу технологиясымен ерекшеленеді.

Нанның бұл түрі ерекше дайындалу тәсілінің арқасында бірнеше апта бойы өзінің сапасы мен дәмін жоғалтпай сақталуымен танымал.

«Қоқан пәтірінің» географиялық көрсеткіш ретінде мемлекеттік тізілімге енгізілуі өнім атауын және оны дайындаудың дәстүрлі технологиясын құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге, сапа стандарттарын нығайтуға, сондай-ақ Ферғана облысының гастрономиялық брендін халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға қызмет етеді.

Мәлімет ретінде: Географиялық көрсеткіш – белгілі бір өнімнің нақты бір өңірге тиесілі екенін, сондай-ақ оның сапасы, беделі мен өзіндік ерекшеліктері сол өңірдің табиғи-климаттық және әлеуметтік-мәдени факторларымен тығыз байланысты екенін растайтын инттеллектуалдық меншік саналады.