11 июль күні  Қоқан қаласында орналасқан "Kokand University" ғимаратында аталмыш шараның ресми ашылу салтанаты өтті.

Оған Мәдениет және туризм министрлігі, Ферғана облысы және Қоқан қаласы әкімдігінің өкілдері, Халықаралық түркі мәдениеті ұйымына (ТҮРКСОЙ-ға) мүше елдерден келген жастар, шетелдік және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

 « Мемлекетіміз Президентінің бастамасымен түркі тілде сөйлейтін елдердің жастары арасында осы фестивал әр екі жылда тұрақты өткізілуі белгіленген.  Осы арқылы жастар арасында түрлі идеяларды талқылауға, мүдделі жобаларды жүзеге асыруға, ең бастысы, олардың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға көңіл бөлгенбіз. Осындай іс-шаралар бауырлас халықтардың жастары арасында мызғымас көпір болады деп ойлаймын», - деді Мәдениет және туризм министрлігінің басқарма басшысы Заррина Абдуллаева.

Фестиваль аясында 3 күн барысында кітап оқу күні, ұлттық және этникалық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстар, мәдени ойын-сауық шаралары, жастардың бизнесін ұйымдастыру, қолөнер бұйымдарын жасау бойынша дөңгелек үстел сұхбаттары, жастармен белгілі театр және кино  актерлардың  шығармашылық сұхбаттары, еліміздегі Ешілік консулдарымен фестивальге қатысушылардың кездесулері ұйымдастырылады.