1 ноябрь күні Президент Администрациясының басшысы Сардор Умирзаковтың төрағалығымен өткен халық ағарту саласына арналған бейнеселектор жиналысында Қарақалпақстан Республикасындағы мектеп оқушыларын тегін түскі аспен қамтамасыз ету мәселесі сыни талқыланды. Бұл туралы ӨзА хабарлады.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың бастамасымен 2022 жылдан бастап Хорезм мен Қарақалпақстан Республикаларында 1-4-сынып бастауыш оқушылары үшін тегін түскі ас ұйымдастырылды. Жаңа оқу жылында Хорезм облысында кейтеринг әдісінде тегін тамақтану 94 пайыз мектептерде жолға қойылған, Қарақалпақстанда тендер байқаулары жалғасып жатқандықтантан, бұл тәжірибе әлі толық жүзеге асырылмағаны туралы хабарланды.

Осы мәселе бойынша Қарақалпақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы Қаһармон Сариев ақпарат берді. Оның айтуынша, тендер саудаларының бір бөлігі аяқталып, 19 сентябрьден бастап кейбір мектептерде тегін түстік ас беру басталған. Сондай-ақ октябрь айында да тендер байқаулар жалғасқан, жақын арада соңғы тендерлерді өткізу жоспарлануда.

Сардар Умирзаков Президенттің игі бастамасын жүзеге асыруға қатысты жауаптылардың мұндай олқылыққа жол бергеніне наразылық білдірді. Әңгіме бастауыш сынып оқушыларының тамағы туралы екенін, бұл мәселеге назар аудармауға болмайтынын, бюджеттен тиісті қаржының бөлінгенін, қаржы мәселесі бойынша проблема жоқтығын баса айтты.

Қарақалпақстандағы оқушыларға тегін түскі ас беріліп жатқанына байланысты Халық ағарту министрлігі, Бас прокуратура және Есеп палатасы өкілдерінің қатысуымен тексеру жүргізілетінін хабарлады.