Бұл бастама Қарақалпақстан жастары үшін жаңа мүмкіндіктер есігін ашады.

Еліміздің Жапониядағы Елшілігі Өзбекстан азаматтарын тілге және кәсіпке үйрету, сондай-ақ оларды шетелде жоғары табысты және лайықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Осы мақсатта үстіміздегі жылдың 16-23 қаңтар аралығында Жапонияның «Joho Venture Cooperative» және «Orange» компаниялары басшыларының Өзбекстанға сапары ұйымдастырылды. Сапар аясында Министрлер Кабинеті жанындағы Миграция агентлигі және Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің басшылығымен бірқатар кездесулер өткізілді.

Келіссөздер нәтижесінде «Orange» копаниясы мен Қарақалпақ мемлекеттік университеті арасында жапон тілі және кәсіптік оқыту орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл орталықтағы оқу үдерісі тегін негізде ұйымдастырылып, сабақ беруге Жапониядан білікті мамандар мен оқытушыларды тарту жоспарлануда.

Осы бастамалар аясында 21 қаңтарда «Orange Karakalpakstan» компаниясы ресми түрде тіркеуден өткізілді. Компания жапон тілі мен кәсіптік оқыту орталығын құруға және кадрларды оқыту үдерістерін үйлестірумен айналысады.

Қазір мұндай орталық Жызақ облысында да ұйымдастыру істері жүргізілуде.

Келешекте бұл бағыттағы жұмыстарды дәйекті түрде жалғастыру, Өзбекстан азаматтарын Жапонияның еңбек нарығының талаптарына сай дайындау, сондай-ақ олардың заңды және тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда.