Қазақстанда жергілікті билік органдары мен жұмыс берушілер де студенттерге қосымша грант бөледі

    Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстанда 10 мыңнан астам қосымша грант бөлінеді. Бұл туралы Үкімет жиналысында ҚР Ғылым және жоғары білім беру министрі Саясат Нұрбек ақпар берді.

    Министр жоғары балл жинап, грантқа ие бола алмағандар үшін қосымша мүмкіндіктер қарастырылғанын айтты. Қазіргі уақытта бірнеше ұйым өз гранттарын ұсынып жатыр. Жергілікті атқарушы билік органдары 2 мыңнан астам грант бөлуді қарастырған. Бұл көрсеткіш тағы да артады деп күтілуде. Сонымен қатар, KazEnergy қауымдастығының гранттары бар. X.A. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты берілді. Freedom Finance Group 400 грант бөлді. Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынды. 850 грантты «Қазақстан халқына» қоры бөледі.

    Бұдан тыс, Сәтбаев, Есенов, Аманжолов, Торайғыров, Тұран-Астана, тағы басқа да университеттер ректорлық гранттар бөледі. Сонымен қатар, сессия қорытындысы бойынша тегін гранттар алу мүмкіндігі бар.

    Жұмыс берушілер гранттары да ұсынылады. Жалпы алғанда, қосымша 10 мыңнан астам грант бөлінеді, деп хабарлайды Kazinform.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates