Қазақстанда онлайн несиеге тыйым салу туралы петиция жарияланды

    «Хақ-Назар» қоғамдық қорының қызметкерлері мемлекетте онлайн несие беруге тыйым салуды сұрап отыр.

    Өтініш иелерінің айтуынша, қазақстандықтар қаржылық қызметтерді цифрландырудың бұл түріне әлі дайын емес.

    «Онлайн несиені пайдаланудың оңайлығы халықтың әлсіз буыны арасында қарыздық жүктеменің артуына және қаржылық тұрақсыздыққа әкеледі. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен белгісіз несие шарттары көбінесе адамдарды қарызға батырады. Қарызға батумен қатар, онлайн несиелер алаяқтық, ұрлық, өзгенің қаржысын иемдену сияқты қарызбен байланысты қылмыстардың көбеюіне әкеледі», - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар, өтініш білдірушілердің түсіндірмесінде әскери қызметін өтеу жағдайында онлайн несие алуды мәжбүрлеу және қаржылай мәселе туындау жағдайлары орын алып жатқаны айтылады.

    Авторлор онлайн несие беруге тыйым салуды ғана емес, сонымен қатар микронесие саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейтуді талап еткен.

    Кеше жарияланған петиция 6 сентябрьге дейін қоғамдық талқылауға қойылады. Бүгінде петиция 581 рет қаралды, әзірге ешкім пікір қалдырған жоқ, деп хабарлайды Kazinform.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates