Қазақстандық Aгромаркет стартап Өзбекстан базарына кірмекші

    Болашақ ұрпақ 3 Fevral 2022 1193

    2022 жылдың 31 январында IT- Parkке Қазақстандағы IT-компаниялар тобының директорлар кеңесі келді.

    Қазақстандық қонақтарға IT Park қызметі, Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан жобалар мен ақпараттық технологиялар саласындағы реформалар туралы айтылды. Сонымен қатар, қонақтарға IT Park офисіне экскурсия ұйымдастырылып, салынып жатқан ІТ-кешені туралы айтылды.

    Бұдан тыс, қонақтар Өзбекстан базарына шығуды көздеп отырған қазақстандық Aгромаркет стартапы туралы айтты.

    Агромаркет - бұл ауыл шаруашылық өнімдеріне арналған платформа болып, фермерлерге өз өнімдерін соңғы сатып алушыларға делдалшыларсыз сатуға мүмкіндік береді.

    Қонақтар IT мамандарын даярлау бағытындағы жүзеге асырылып жатқан жобалар мен дамуды атап өтті. Сонымен қатар, олар Өзбекстан базарының үлкен әлеуетін атап тілге тиек етіп, ынтымақтастық пен біріккен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты, деп хабарлайды it-park.uz.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates