Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысын туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған мықты денсаулық, отбасылық бақыт, ал Өзбекстан халқына бейбіт өмір, тұрақты даму және өркендеу тіледі.

Сұхбат барысында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастардың бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жеткені, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастықтың барлық басым бағыттарда қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.