Құрылыс және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық министрлігінің міндеттері қандай?

    Министрлер Кабинетінің 2024 жылғы 17 апреліндегі 214-санды қаулысымен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі және оның жүйесіндегі ұйымдар туралы ереже бекітілді.

    Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі туралы ереже Министрліктің, оның басқарулары мен аудан бөлімдерінің, сонымен қатар Ташкент қалалық құрылыс бас басқармасы мен астаналық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бас басқармасының міндеттерін, функцияларын, құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

    Құжатта Министрлік қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау өлшемдері мен көрсеткіштерін көздеген. Сонымен қатар оны қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету механизмдері белгіленген.

    Министрліктің негізгі міндеттері:

    - қала құрылысы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау, сондай-ақ, сала қызметін дамытудың ұзақ және орта мерзімді бағдарламаларды және НҚҚ-ны әзірлеуге қатысу;

    - мемлекет аумағын дамытуды жоспарлаудың бас схемасын, Қарақалпақстан Республикасы мен облыстардың аумағын дамытуды жоспарлау схемаларын, агломерацияларды дамыту стратегиясы, қалалар (қалашықтар) бас жоспарларын және ауылдық елді мекендердің аумақтаын қала құрылысы жағынан дамыту схемаларын әзірлеу, оларға мойынсұну туралы мемлекеттік сәулеткерлік бақылауды жүзеге асыру;

    - жобалық ұйымдардың қызметін үйлестіру және бақылау, жеке тәртіптегі, үлгілі, қайталанатын эксперименталды жобаларды және энергияны үнемдейтін жобалық шешімдерді әзірлеуді ұйымдастыру, олардың қызметін лицензиялау және қала құрылысы құжаттарының сараптамасын қамтамасыз ету;

    - жалгерлік базарды дамыту, құрылыс-жалгерлік ұйымдардың кейбір қызметтерін лицензиялауды және акционерлер негізінде салынған көппәтерлі үйлерді тіркеуге алуды үйлестіру және тағы басқалар.

    Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Республикалық архитектура-қала құру кеңесі туралы ережеде оның міндеттері мен функциялары, сондай-ақ оның құрамы белгіленген.

    Құжатпен Қарақалпақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі, облыстар құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бас басқармаларының, Ташкент қаласы құрылыс бас басқармасы жанындағы аумақтық архитектуралық-қала құрылысы кеңесі туралы үлгілі ереже мен оның үлгілерінің құрамы бекітілді.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұльттық базасында жарияланған және 2024 жылдың 18 апрелінен күшіне енді, деп хабарлайды "Norma".

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates