Мәжілісте «Жарнама туралы» Өзбекстан Республикасының Заңына айрықша тоқталды . Атап айтқанда, құжаттың 16-бабында басқа тауарларды жарнамалауда пайдаланылатын немесе бейне және кино өнімдерінде, сондай-ақ ғылым-білім, әдебиет пен өнер шығармаларында (авторлық құқық), эфир немесе кабель арқылы қойылымдар беретін ұйымдардың орындауларында, фонограммаларында пайдаланылатын жалпы шешімді, мәтін, бейненің, музыкалық немесе дыбыстық әсерлердің дәл қайталануына жол берілмейтіні атап өтілді.
Бұл норманың өзектілігі сол, кейбір авторлардың, режиссерлердің көпшілігі өз туындылары мен фильмдерінің мәтіндерін жарнама үдерісінде рұқсатсыз пайдаланады, бұл мәселені сенаторлар сынға алды. Атап айтсақ, өзбек әдебиетінің жауһары болған «Өткен күндер» романындағы «Сиз ўшами?» деген танымал сөз өте көп қолданылған, енді мұндай істерге заңды түрде шек қойылатыны айтылды.
Мәжілісте Сенат тарапынан практикаға енгізілген жастарға қатысты мемлекет саясатының аумақтарда жүргізілуі бойынша рейтингтік жүйе аясында атқарылған жұмыстар талқыланды.
Осыған орай, жұмысшы орган ретінде Жастар істері агенттігі басшылығының ақпараты тыңдалды.
Айтылғанындай, рейтинг бағалауға қарағанда ең жоғары нәтиже көрсеткен 3 аумақ басшысы (1, 2, 3-орындар) және олардың жастар мәселесіне жауапты болған орынбасарларын материалдық және рухани ынталандыру тәртібі, аумақтарды индикаторлар бойынша бағалау әдістемесі жасалған.
Сонымен қатар, рейтинг бағалаудың орталықтандырылған электрондық жүйесін енгізу бойынша жауапты ұйымдармен бірлесіп Жастар порталы платформасы іске қосылды. Бұл арқылы жауапты басшылар қызметін бағалауға мүмкіндік береді.
Мәжілісте аумақтардағы жүзеге асырылуы туралы рейтинг жүйе бойынша төменгі жүйелердің қызметін одан әрі жандандырып, оның алдын ала нәтижелері туралы Сенатқа хабарлау және осыған байланысты жауапты тұлғалардың жауапкершілігін одан әрі арттыру қажет екені айтылды.
Рейтинг бағалауға орай ең жоғары нәтиже көрсеткен аумақта 30 июнь – Жастар күніне қатысты жастар мен студенттер форумы ұйымдастырылатыны айтылды.
Талқылау қорытындысы бойынша Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.