Ресей мен Өзбекстанның аумақтық қалалары арасындағы әуе рейстерінің саны артып келеді

    Көлік 24 Yanvar 2024 466

    Ресейдің «Red Wings» әуе компаниясы Қазан-Наманган-Қазан бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсін жолға қояды.

    Қалалар арасындағы әуе рейстер 2024 жылдың 12 февралынан басталып, 2024 жылдың 25 мартына дейін жалғасады деп жоспарланған. Ұшулар тұрақты түрде аптасына бір рет дүйсенбі күндері СУ95 маркалы ұшағымен жүзеге асырылады.

    Естеріңізге сала кетейік, Red Wings әуе компаниясы бүгінде Өзбекстанға 12 бағыт бойынша рейстерді жүзеге асырады:

    - Махачкала — Бұхара — Махачкала (сәрсенбі және жұма күндері);

    - Махачкала — Наманган — Махачкала (сәрсенбі және сенбі күндері);

    - Махачкала — Үргеніш — Махачкала (сенбі күндері);

    - Махачкала — Ташкент — Махачкала (дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері);

    - Самара — Ташкент — Самара (сейсенбі күндері);

    - Самара — Үргеніш — Самара (бейсенбі күндері);

    - Мәскеу — Бұхара — Мәскеу (дүйсенбі және жұма);

    - Екатеринбург — Самарқант — Екатеринбург (сенбі күндері);

    - Екатеринбург — Бұхара — Екатеринбург (сәрсенбі және бейсенбі күндері);

    - Екатеринбург — Ташкент — Екатеринбург (сейсенбі және жұма күндері);

    - Қазан — Самарқант — Қазан (дүйсенбі күндері);

    - Қазан — Ташкент — Қазан (бейсенбі күндері).

    «Red Wings» — Домодедово әуежайында орналасқан Ресей әуе компаниясы тұрақты және чартерлік рейстерді орындайды, деп хабарлайды uzbairports.uz.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates