Ресейде өтіп жатқан халықаралық онкологтардың форумында Өзбекстан тәжірибесі мойындалды

    Бүгінде Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында онкология саласы бойынша ІХ халықаралық форум өтуде.

    Офлайын және онлайын форматтағы осы шара бағдарламасынан 105 сессия, 24 симпозиум, 8 телеконференция орын алған. 600-ге жуық баяндамашының 40-қа жуығы АҚШ, Қытай, Испания, Швейцария, Сербия, Аргентина, Үндістан, Индонезия, Иран және ТМД-ға мүше бірқатар елдердің өкілдері.

    Олардың қатарында Республикалық мамандандырылған онкология және радиология ғылыми-практикалық медицина орталығының Хорезм филиалының директоры Тахир Полвонов та бар.

    Өзбекстандық маман онлайын баяндамасында алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіндегі кейбір қауіпті ісіктердің алдын алу профилактикасы, тереңдетілген медициналық тексерулердің нәтижелері мен оны ұйымдастыруға қатысты жақтарына тоқталды.

    Шараға қатысушылар елімізде, атап айтқанда, Хорезм облысында өмірге енгізілген онкологиялық аурулардың диагностикасы мен емдеудің озық әдістеріне қатысты Өзбекстанның тәжірибесін жоғары бағалап, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру туралы өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

    Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Радиология медицналық зерттеу ұлттық орталығының бас директоры, П.А.Герцен атындағы Мәскеу онкология ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ресей онкологтар ассоциациясының президенті, академик Андрей Каприн басшылық жасаған конференцияда медицинаның аталмыш бағытқа қатысты инновациялық жетістіктері мен қолданбалары туралы да ақпарат берілді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates