Ресейдегі қандастарымызға бейресми курьерлік қызметте жұмыс істемеу сұралды

    Бейресми курьерлік қызметтерде есірткі немесе тыйым салынған заттар салынған тапсырыстарды жеткізіп беруді (закладка) ұсынуда.

    Сыртқы еңбек миграциясы агенттігі Ресей Федерациясында жұмыс істейтін қандастарымызды сергектікке шақырды.

    Соңғы кездері Ресей Федерациясында жұмыс істейтін қандастарымыздың арасында Интернет арқылы қомақты ақшаға өнімдерді бір мекенжайдан екінші мекенжайға жеткізіп беру туралы хабарландырулар туралы проблемалар туындап жатқаны айтылды.

    Өтініштерде бейресми курьерлік қызмет құрамында есірткі немесе тыйым салынған заттар (закладка) бар тапсырыстарды жеткізуді ұсынып, соның салдарынан курьерлер полиция қызметкерлері тарапынан ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

    Осыған орай, бейресми курьерлік қызметте жұмыс істемеу, қомақты ақшаға күдікті заттарды бір мекенжайдан екінші мекенжайға жеткізбеу немесе өнімді міндетті түрде тексеру сұралды.

    Естеріңізге сала кетейік, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес есірткіні сату немесе жеткізу үшін ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру жазасы белгіленеді.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates