Ташкент қаласы педагогтарды жаңа әдістемелерге үйрету ұлттық орталығында А.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің (Санкт-Петербург ) сарапшысы Елена Александровна Сальман семинар ұйымдастырды.
Шетелдік сарапшы семинар барысында педагогика мен тіл үйретудегі жаңа тенденциялар, заманауи білім беру терендтері, өзінің жұмыс тәжірибесі туралы айтып, саланы дамыту бойынша пікірлер мен ұсыныстар берді. Атап айтқанда, білім сапасын бағалау және оқушының креативті ойлауын дамытуда өзекті мәселелері талданды.
Орталық директоры Махира Халиқова еліміздегі білім беру жүйесін, атап айтқанда, андрагогика – ересектерге білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар, ХХІ ғасырдағы ақпараттық-білім беру ортасын заман талабына сай ұйымдастыру тәжірибесі туралы ақпарат берді.