Айтылуынша, Ферғана облысының әкімі Хайрулло Базаров басшылығындағы облыс делегациясы Ресей Федерациясының Омбы облысына сапары аясында “Фрукт-Сити” көтерме-тарату логистикалық орталығының салтанатты ашылу шарасына қатысты.
Оған Өзбекстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ботиржон Асадов, сондай-ақ Ресей Федерациясының ресми өкілдері мен өзбекстандық кәсіпкерлер қатысты.
Өзбек бизнесмендерінің құрылтайшылығында 700 миллион рубльге салынған жаңа көтерме тарату логистикалық орталығы 9 гектар аумақты алып жатыр және заманауи инфрақұрылым негізінде салынған. Бұл базарда 16 әрбірі 380 шаршы метрден құралған кең әрі қолайлы және жайлы ангар бар. Бұл ангарлар жеміс-көкөніс өнімдерін қолайлы жағдайда сақтауға, өңдеуге және сатуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ базар аумағында 72 сауда дүкені жұмыс істейді. Олар түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін, азық-түлік және басқа да халық тұтынатын тауарларды сатады. Орталықтың тағы бір маңызды тұсы – оның көліктік логистикаға бағытталғандығы. Көтерме сауда үдерісін үздіксіз және жүйелі ұйымдастыруға қызмет ететін 450 жүк көлігіне арналған автотұрақтар орнатылған. Бұл автотұрақтар жүк көлігінің еркін жүруіне және өнімдерді жылдам түсіру, тиеуге мүмкіндік бар. Логистикалық орталықтың бір бөлігінде Ферғана сауда үйі де ашылған.
Алдымен облыс делегациясы осы жасалған жағдайды аралап көрді.
Салтанатты шарада сөз алғандар бұл жобаның Өзбекстан мен Ресей Президенттерінің бастамасымен жүзеге асқанын айтып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға қызмет ететінін тілге тиек етті.
Жобаның бірінші кезеңі аяқталып, екінші және үшінші кезеңінің құрылысы жақын арада аяқталатыны белгілі болды.
— Бүгінде біз Ферғана облысынан Ресей базарына ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты жеткізуге мүмкіндік беретін маңызды логистикалық орталық ашып отырмыз. Бұл – өңірлеріміз арасындағы ынтымақтастықтың, сенім мен стратегиялық серіктестіктің жемісі. Ферғана – ауыл шаруашылығының әлеуеті мол облыс. Біздің табиғи, жоғары сапалы өнімдер тұтынушыларға тез және ең жақсы сақталған жағдайда жетеді, —деді облыс басшысы.
Орталықта арнайы сауда дүкендері, сақтау қоймалары, логистикалық қызмет көрсетуі жолға қойылғаны, бұл Өзбекстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемін арттыруға қызмет ететіні айтылды.
Осы базар қызметінің нәтижесінде 800-ден астам Өзбекстан азаматы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.