Ресейдің бірқатар қаржы институттарымен 257,3 миллион доллар көлемінде ынтымақтастық туралы келісімшарттарға қол қойылды

    Инвестициялар 20 Noyabr 2021 2027

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың Ресей Федерациясына ресми іссапары аясында Өзбекстан-Ресей екіжақты ынтымақтастықты түрлі салаларда нығайту және дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды.

    Сонымен қатар, Ресейдің «ВЕБ.РФ» банкі, «ЭКСАР», «Газпромбанк» және «Bank GPB International S.A.» компанияларымен «Узбекнефтгаз» АҚ арасында көмірсутегі шикізатын қазып алуды көбейту бағдарламасын қаржыландыру аясындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды.

    «ВЕБ.РФ» бақылау кеңесі басшысының орынбасары Д.В. Алгульян, «ЭКСАР» Бас директоры Н.В.Гусаков , «Bank GPB International S.A.» Басқару төрағасы Д.Н.Деркач және «Узбекнефтегаз» АҚ Мехриддин Абдуллаев осы келісімдерге қол қойды.

    Бұл келісімдерге «ВЕБ.РФ», «ЭКСАР» АҚ, «Газпромбанк» АҚ және «Bank GPB International S.A.» қатысуында Өзбекстан Республикасы мұнай және газ қазып алуды көбейту бойынша жұмыс пен қызметтер көрсету, сондай-ақ Ресей өнімдерін жеткізіп беруді қаржыландыру үшін 257,3 миллион доллар бөлу туралы келісілді.

    Естеріңізге сала кетсек, «Узбекнефтгаз» АҚ жоғарыда аталған қаржы институттарымен «GTL» зауытының құрылысы, «Шортан газ-химия» кешенінің өндірістік қуатын кеңейту және басқа да көптеген инвестициялық жобалар бойынша табысты ынтымақтастық жасалды.

    Айта кету керек, көмірсутектерді өндіруді ұлғайту Бағдарламасында мемлекет экономикасын қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде бұрғылау, ұңғымаларды қалпына келтіру және технологиялық нысандарды салудың іс-шаралары қарастырылған.

    Бағдарлама жүзеге асырылғалы бері 430 ұңғыма құрылысы аяқталды, 328 істеп тұрған ұңғыма күрделі жөндеуден өтті, «Батыс» кенінде блок-модульді компрессорлық қондырғы іске қосылды, «Самонтепа», «Үшкір», «Алан» және «Зеварда» компрессорлық станциялары салынды, сондай-ақ бағдарлама аясында «Арслон» кенінде газды тазарту қондырғысы орнатылып, «Деңізкөл» және «Оңтүстік Таңдирча» компрессорлық станцияларында құрылыс-монтаж істері жүргізілуде, деп хабарлайды «Узбекнефтгаз» АҚ баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates