Бұл шараға Туризм комитеті төрағасының бірінші орынбасары Жамшид Абдусаламов басшылығындағы делегация, Өзбекстан мен Ресейдің туризм саласының өкілдері, сонымен қатар 70-тен астам туристік компания қатысты.

Шарада қатысушыларға еліміздің туристік әлеуетін көрсететін таныстырылым және Өзбекстан туроператорлары, қонақ үйлері және саланың басқа да тур өкілдері тарапынан өздерінің туристік өнімдері, бағыты, сондай-ақ Ресей мен Өзбекстан қалалары арасына қойылған әуе рейстер туралы  ақпарат берілді.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған шаралардың соңында  қатысушыларға Өзбекстанның бай мәдениеті мен ұлттық тағамдарын таныстыру мақсатында ұлттық ән-күйлер мен билер ұсынылып, өзбек ұлттық тағамдары таратылды.

 “Road show”  аясында Ресей билігімен жүргізілген келіссөздер барысында екі ел арасындағы мәдени-тарихи туризмді дамыту, ынтымақтастықта мәдени шаралар мен туристік маршруттарды әзірлеу, жарнама және PR кампанияларын ұйымдастыру, сондай-ақ қонақ үй бизнесі мен көлік қызметтерін дамыту саласында екіжақты үйренулер жүргізу ұсынылды, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

Шараға Өзбекстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Абдурахман Махмудов пен Санкт-Петербург туризмді дамыту комитетінің төрағасы Евгений Панкевичтер қатысты.