Сегіз айлық сәбидің өмірі сақтап қалынды

    Денсаулық 10 Mart 2023 1897

    Бұдан алты күн бұрын жедел жәрдем медицина қызметкерлері көмегімен Сырдария облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне әкелінген сегіз айлық нәресте, байауыттық Аслиддинжан Бердиқуловтың жағдайы өте нашар тұғын.

    Пневмонияға байланысты дене қызуы өте жоғары, тыныс алуында проблема бар, оның үстіне өткір ішек инфекциясы нәрестеде сусыздық жағдайын тудырды.

    Осы мекеменің жансақтау бөлімінің меңгерушісі Сайфулла Алланазаров, инфекционист Фахриддин Хамидовтардың дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетуі, нақты диагноз қою және емдеу шараларының арқасында сәбидің өмірі сақтап қалынды.

    – Бұл жағдайға түсуіне, бірінші пневмония, екіншіден ана сүті себеп болған, – дейді Сырдария облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас инфекционисті, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бахром Турсинов. – Ана, түсінбей, білмей пневмонияға шалдыққан, балаға көкірек сүтін берген. Бірақ, емізбей тұрып, ыстық тандырға нан жауған. Омырауды суытпай, сүтті сауып тастамай емізген. Бұл пневмонияға шалдыққан балаға, өткір ішек инфекциясы ауруын тудырды. Ең бастысы, 2022 жылдың басынан осы уақытқа дейін мекемемізге 12 мыңнан астам азаматтан түрлі көріністегі өтініштермен түсіп, соның 5600 жуық азаматқа стационарлық жағдайда ем-дом жасап, олардың денсаулығын сақтап қалуға көмек көрсеттік.

    Бұл ретте, Аслиддинжон Бердиқуловтың денсаулығы әлдеқайда жақсы. Ол осы мекеменің жансақтау бөлімінде, білікті де жетекші медицина қызметкерлері мен жансақтау медбикелерінің бақылауында емделіп жатыр. Жақын күндері оның анасы Манзурахан Алиқуловаға үйлеріне қайтуға рұқсат етіледі.

    Міне, жас аналарға маңызды ескерту; ең алдымен жас баласы бар ана өз денсаулығына көңіл бөліп, омырауын түрлі инфекциялардан сақтауы керек. Аптап ыстықта немесе ыстық ауа райы жағдайында емшек сүтін сауып, жуып, тазалап, содан соң баласына беруі керек. Бұл жас нәрестенің дені сау болып өсуіне және түрлі инфекциялардан қорғануына көмектеседі.

    Ғулом Примов,

    Сырдария облысы

    денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates