Самарқант пен Үрімші қалалары арасында тікелей әуе рейстері қойылды

    Самарқант қаласында Air Marakanda компаниясы China Southern Airlines әуе компаниясымен ынтымақтастықты бастады. Осыған орай, тарихта тұңғыш рет Үрімші қаласына алғашқы рейс жолға қойылды.

    Үрімшіге рейстің салтанатты ашылу рәсімі Самарқант халықаралық әуежайының терминалында ұйымдастырылып, бірінші рейс жолаушылары үшін тақырыптық фотолар бұрышы, тәттілермен шай ішу рәсімі, сондай-ақ атақты Самарқант тұт қағазында Қытай тілінде каллиграфиялық жазбалары жазылған көрме алаңы ұйымдастырылды.

    Ашылу салтанатына Air Marakanda ва China Southern Airlines әуе компаниясының басшылығы, сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы Президенті құзырындағы Мемлекеттік қызметтерді дамыту агенттігінің Самарқант облыстық филиалының басшысы Рустам Қабилов қатысты.

    Дәстүр бойынша ұшақты Самарқант әуежайының аэродромында су аркасымен қарсы алып, Қытайдан келген алғашқы жолаушыларды өзбек ұлттық аспаптары – керней-сырнай әуенімен қарсы алды.

    Шара аясында «Air Marakanda Бас директоры Антон Ходжаян, Air Marakanda Бас директорының коммерциялық мәселелері жөніндегі орынбасары Артём Пак, Өзбекстан Республикасы Президенті құзырындағы Мемлекеттік қызметтерді дамыту агенттігінің Самарқант облысы бөлімінің басшысы Рустам Қобилов және «China Southern Airlines» әуе компаниясының Ташкенттегі өкілетханасының Бас директоры Шен Ии қатысуында баспасөз конференциясы да өткізілді.

    Баспасөз мәслихатында сөз алғандар Самарқант пен Үрімші арасына жолға қойылған әуе қатынауының үлкен әлеуетіне тоқталып, екі ел арасындағы туризм мен сауданы дамытудың келешегін талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар алдағы уақытта Қытайдан Самарқантқа жаңа бағыттарды ашу жоспарларымен бөлісті.

    Қытайдан Самарқантқа тікелей рейстердің ашылуы көп ғасырлардан алдын негіз қаланған ҰлыЖібек жолының аймақтық жалғасы болып қызмет етуде.

    Енді Қытайдан солтүстік-батыс бөлігіндегі Синьцзян-Уйғур автономиялық ауданның саяси, экономикалықпен мәдени орталығына Самарқанттан әр дүйсенбі сағат 01:30 да ұшып барса болады. Үрімші халықаралық әуе жайынын Самарқанттан ұшу рейсі жексенбі күні сағат 23:20-де жоспарланған. Барлық рейстер қазіргі заманғы Boeing 737-800 ұшақтарында, екі санатты – бизнес және эконом класста орындалады, деп хабарлайды Air Mararakanda баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates