Ұлыбританияның «SandStone Productions Ltd» компаниясы Өзбекстанның бай мәдени-тарихи мұрасын әлем жұртшылығына таныстыру мақсатында «Өзбекстан қазыналары» атты деректі фильм түсіріп жатыр.
Танымал тарихшы және тележүргізуші Беттани Хюз басшылығындағы шығармашылық ұжым суретке алу істерін Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм және Бұхара облыстарында бастап, қазірде Самарқант қаласында жалғастыруда.
Шығармашылық топ облысымыздың жоғары туристік әлеуетін, қайталанбас тарихи ескерткіштерін, ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдени мұра нысандарын экран арқылы көрсетуді мақсат еткен.
— Самарқант – бай тарихы бар қала, — дейді Беттани Хюз. — Атап айтқанда, Регистан алаңы, Шахи Зинда кешені, Әмір Темір кесенесі сияқты нысандар Өзбекстанның ғана емес, бүкіл адамзаттың мұрасының маңызды бөлігі болып табылады.