Самарқанттың мәдени мұрасын сақтаудағы орны жоғары екені мойындалды

    Туризм 25 Iyul 2022 3120

    Самарқантта Туризм және мәдени мұра министрлігімен бірлесіп «Өзбекстанның мәдени мұрасы – жаңа Ренессанстың іргетасы» атты VI Халықаралық Конгресі өтті.

    Конгресте Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов сөз сөйледі.

    Бұл Конгресс Президент Шавкат Мирзияев тарапынан Жаңа Өзбекстанда өнер және мәдени мұра саласындағы жүзеге асырған үлкен реформалардың нәтижесі. Салыстырмалы түрде қысқа мерзімде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өткен жөн. Мәдени мұраны сақтау және танымал ету еліміздің стратегиялық үстем бағыттарының бірі болып табылады, соның нәтижесінде 2022 жылдың февраль айында Туризм және мәдени мұра министрлігі құрылды.

    2022 жылдың 6 июлінде Өзбекстан ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұрасын қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетіне мүше болды.

    Мұражайлардың мәртебесі мен маңызын арттыруға, археологиялық зерттеулерге, ғылыми білім мен әлеуетті арттыруға бағытталған кешенді бағдарламаларды енгізу арқылы мәдени мұра үкіметтің күн тәртібіндегі ең жоғары үстем бағыттардың біріне айналды.

    Пандемиядан кейінгі әлем жағдайында бүкіләлем қауымдастығының Өзбекстанның және оның дүние жүзіндегі серіктестерінің мәдени мұрасын зерттеуе, абайлап-сақтауда және бұқараландыруда іс-әрекеттердің жоғары бағаланғанын атап өткен жөн.

    Туризм және мәдени мұра министрлігінің ЮНЕСКО-мен тікелей ынтымақтастығы да маңызды ерекшелікке ие. Осы мүмкіндікті пайдаланып, ЮНЕСКО-ға ерекше алғысымызды білдіреміз, - деді Азиз Абдухакимов.

    Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның Өзбекстандағы өкілеттігінің басшысы Сара Ношади да халықаралық конгресте сөз сөйледі.

    Ол өз сөзінде мәдени мұраны зерделеу, сақтау және насихаттау жұмыстарына жоғары баға берді. Ең бастысы, Самарқанттың мәдени мұрасын сақтаудағы үлесі жоғары екенін атап өтті.

    «Бұл мекен ең үлкен материалдық және рухани байлықты өздінде қамтыған. Бұл жерде барлық ұлттың, мәдениет пен дін өкілдері жасайды. Сондықтан Самарқант баршамызға теңдесі жоқ адами құндылықтары үшін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Бұл өз кезегінде, бүгінгі бізді біріктіріп отырған осы конгресс сияқты шараларды қолдауға ынталандырады», - деді Ношади.

    Конгресте сөз алған шетелдік сарапшылар да Самарқанттың мәдени мұра тұрғысынан маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates