Өнеркәсіп аймақтарының қызметін одан әрі дамыту іс-шаралары талқыланды

    Өнеркәсіп 4 Oktabr 2022 1277

    Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің бірінші орынбасары Н.Қ. Холмуродовтың басшылығымен республикада құрылған өнеркәсіп аймақтары (арнайы экономикалық, шағын өнеркәсіп, жастар өнеркәсіп және кәсіпкерлік аймақтары) бойынша бейнеселекторлық жиналыс өтті.

    Республикада жалпы 22 еркін экономикалық аймақ, 503 шағын өнеркәсіптік аймақ және 211 жастар индустриялық-кәсіпкерлік аймағы құрылған.

    Жиынға министрлiктер, кеңселер, шаруашалық бірлестіктері мен коммерциялық банктері, Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесi, облыстар және Ташкент қаласы әкiмдерiнің тиісті басшылары мен жауаптылары қатысты.

    Жиналысқа республиканың барлық өнеркәсіп аумақтарындағы бос жерлерді аукциондық саудаларына шығару, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды қалыптастыру бойынша тиісті банк басшылары, облыс әкімінің инвестициялар және сыртқы сауда бойынша орынбасарлары мен дирекция директорларына тапсырмалар берілді.

    Сондай-ақ, жоспарланған жобаларды мерзімінде іске қосып, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде тапсырмалар берілді.

    Сонымен қатар Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 6 июльдегі «Аймақтарда арнайы экономикалық және шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру және оларды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымымен қамтамасыз ету іс-шаралары туралы» ПҚ-271-санды қаулысында берілген тапсырмалардың орындалуын дер кезінде қамтамасыз ету мақсатында сала кәсіпорындарымен инженерлік коммуникация нысандарын құруды жылдамдату және осы қаулымен бөлінген қаржыларды игеруді жеделдетуі атап өтілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates