Кейінгі алты жылда облыста жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарды құруға 5 миллиард долларға жуық инвестиция тартылды. Нәтижесінде 2 мыңға жуық жаңа кәсіпорын құрылып, өндіріс көлемі 2 есеге жуық артты.
Оған дейін облыстың өнеркәсіп өнімі негізінен мақта талшығы болса, қазір электротехника, оптикалық талшық, автомобиль, күрделі химиялық заттар, энергия үнемдейтін материалдар сияқты жоғары технологиялық өнімдер шығарылуда. Бұл салада 54 мың адам жұмыс істейді. Өңірдегі өнеркәсіп экспорты 1,8 есе өсіп, 166 миллион долларға жетті.
Мемлекет басшысы осы қарқынды жалғастырып, биыл облыс өнеркәсібін 14 пайызға арттыруға мүмкіндік бар екенін атап өтті. Осы мақсатта құны 750 миллион долларды құрайтын 10 ірі жоба және 580 миллион долларды құрайтын 110 өңірлік индустриялық жоба орындалуы көрсетілді. Оларда 7500 жаңа жұмыс орнын ашылады. Сондай-ақ, алдағы екі жылда Жызақта автомобиль және металлургия саласындағы ірі жобалар іске қосылады.
Жызақта ең қарқынды дамып келе жатқан сала бұл құрылыс және энергия үнемдейтін материалдар өндірісі. Кейінгі бес жылда бұл салада 180 жаңа кәсіпорын құрылып, құны 900 миллион доллар болатын 210 жоба іске қосылды. Соның арқасында құрылыс материалдарын өндіру көлемі 10 есеге артып, 110 миллион доллардың импорттық өнімі жегіліктендірілді және экспорт 7 есе өсіп, 35 миллион долларды құрады.
Облыстағы базальт қоры 26 млн тоннаны құрайды, бұл республикадағы жалпы қордың 25 пайызы. Бірақ бұлар бұрын қолданылмаған. Қазір базальттан сұранысы жоғары заманауи өнімнің 7 түрін шығару жолға қойылды. Ол «Фориш» ауданындағы 6 кәсіпорын тұтас кластерге айналды.
Бұл ретте «Бахмал», «Галлаарал», «Шараф Рашидов», «Зомин», «Зарбдар», «Зафарабад», «Фориш» және «Янгиабадта» базальт, цемент, керамзит, шыны және минералды шикізат қорларына бай 200-ге жуық кеніш бар. Президент оларға кәсіпкерлерді тартып, тауарлы өнім дайындауды қолға алу керектігін айтты.
Биыл құрылыс материалдары бойынша 460 миллион долларды құрайтын 31 жобаны іске қосу міндеті жүктелді.
Жиында энергиямен қамтуды жақсарту мәселесіне де назар аударылды.
Жызақ облысының кемінде 2 мың мегаватт жаңартылатын энергия көздерін өндіру әлеуеті бар екені атап өтілді. Осыны пайдаланып, 270 мегаватт күн энергиясы іске қосылады деп айтылды. Соның нәтижесінде 236 миллион киловатт сағат өндіріліп, тапшылық артығымен толтырылып, жалпы 71 миллион текше метр газ үнемделеді.
Атап айтқанда, Біріккен Араб Әмірліктерінің «Масдар» компаниясының 200 миллион доллар тікелей инвестициясы есебінен «Галлааралда» қуаттылығы 220 МВт болатын үлкен күн станциясы іске қосылады. Келесі жылы бұл станция толық қуатына шығып, 500 миллион киловатт сағат электр энергиясы алынады және облыс қажеттілігінің 20 пайызын өтейді.
Сондай-ақ, әлеуметтік сала мен мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына 5 мегаваттық күн батареяларын, Индустриалды аймақ ғимараттарына және кәсіпкерлерге 15 мегаваттық күн батареяларын орнатуға болатыны көрсетілді. Тұрғындардың үйлеріне 8 мегаватт жаңартылатын энергия көздерін орнату үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Кәсіпкерлердің өз қажеттіліктері үшін 5, 10, 15 мегаватт күн станцияларын салу бастамаларына қолдау көрсетіледі.
Биыл «Зафарабадта» жалпы қуаты 2 мегаватты құрайтын 2 шағын су электр станциясы салынып, 2,4 миллион киловатт сағат электр қуатын өндіреді. Азия даму банкімен бірге «Фориште» 150 мегаватт қуатты күн электр станциясының жобасы басталады. Бұл станция толық қуатында 370 миллион киловатт сағат электр энергиясын өндіреді. Сонымен қатар Жызақта жылу мен электр энергиясын өндіретін когенерация орталығы салынады.
Мемлекет басшысы Жызақта электр желілеріндегі шығын көп екенін атап өтіп, оны азайтып, облыстағы 4 мыңнан астам кәсіпорынның энергия тиімділігін арттыруды тапсырды.
Облыс жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, жастармен сұхбат болды. Олар елдегі реформалар, жасалып жатқан жағдайдың әсері туралы өз өмірі мен қызметіндегі жетістіктерді мысалға ала отырып әңгімеледі. Мемлекет басшысы олардың ұсыныстары мен бастамаларын тыңдап, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.
Жиын соңында тағы бір маңызды оқиға 3 жаңа кәсіпорынның іске қосылуына арналған салтанаты шара өтті. Олар «Фориш» ауданындағы «Eco Basalt Group», Жызақ индустриалды аймағындағы «Mono Electric» және «Super medical elements» компаниялары.
Бірінші кәсіпорын жылына базальттан 5 мың тонна композиттік құбыр шығаруға қауқарлы. «Mono Electric» 1500 түрлі электр жабдықтарын, «Super Medical Elements» 40 түрлі медициналық бұйымдарды шығарады. Осы кәсіпорындардың арқасында 700-ден астам тұрғын жоғары табыспен тұрақты жұмысқа орналасады.
Салтанатты шарада кәсіпорын өкілдері бейне байланыс арқылы сұхбат жасалды.
Президент Шавкат Мирзияев символдық түймені басып, жаңа кәсіпорындарды іске қосты.
Осымен Мемлекет басшысының Жызақ облысына сапары аяқталып, Ташкентке қарай бет алды.