баннер
7 Apr 2025
13:45

    Тыйым салынған жабайы аңдарды сақтағаны үшін жауапкершілік тартылады

    Мемлекет басшысы қол қойған Заңмен (ӨРҚ –1019-санды, 16.01.2025 ж.) Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске қосымшалар мен өзгертулер енгізілді.

    Оған сәйкес, жартылай еркін жағдайда, жасанды мекендеу орындарында немесе тұтқынында ұстауға тыйым салынған жабайы жануарларды жеке тұлғалардың ұстауы, осы жануарларды тәркілеп, азаматтарға БЕМ-нің 5-тен 10 есеге дейінгі мөлшерінде (1 миллион 875 мың сумнан 3 миллион 750 мың сумға дейін) айыппұл салуы белгіленді.

    Дәл осындай құқықбұзушылық адамдардың денсаулығына, заңды және жеке тұлғалардың мал-мүлкіне зиян келтіруіне әкелсе, егер қылмыстық белгілері болмаса, бұл осы жануарларды тәркілеп, азаматтарға БЕМ-ның 30-дан 50 есеге дейін (11 миллион 250 мың сумнан 18 миллион 750 мың сумға дейін) айыппұл салынады.

    Бұрын мұндай норма болмаған.

    Сонымен қатар, қалалар мен басқа елді мекендерде жануарларды ұстау ережелерін бұзу, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың қаңғыбас жануарларды ұстауы және сақтау шараларын қарамау, азаматтарға БЕМ-нің 3-тен 5 есеге дейін (1 миллион 125 мың сумнан, 1 миллион 875 мың сумға дейін), лауазымды тұлғаларға 5 еседен 10 есеге дейін (1 миллион 875 мың сумнан 3 миллион 750 мың сумға дейін) айыппұл салуға әкеп соғады.

    Сондай-ақ, дәл сол құқықбұзушылық адамдардың денсаулығына, заңды және жеке тұлғалардың мал-мүлкіне зиян келтірсе, қылмыс белгілері болмаса, азаматтарға БХМ-нің 10 еседен 15 есесіне дейін (3 миллион 750 мыңнан сумнан 5 миллион 625 мың сумға дейін ), ал лауазымды тұлғалар 15 еседен 30 есеге дейін (5 млн 625 мың сумнан 11 млн 250 мыңға дейін) сумға дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғатыны қарастырылған.

    Заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech