Обырға қарсы жаңа вакцина жаратылды

    Денсаулық 13 Iyun 2022 3416

    АҚШ пен Жапон ғалымдары обырға қарсы вакцина ойлап тапты. Ол иммундық жүйені нығайту арқылы ағзадағы қауіпті ісіктерді жоюға көмектеседі.

    Баршаға белгілі қазірге дейін бұл ауруды емдеуде соңғы шара ретінде химиотерапия және нұр терапиясы, сонымен қатар хирургия қолданылып келінуде.

    Зерттеушілер жаңа вакцина барлық жастағы науқастарға тиімді, сонымен қатар онкологиялық аурулардың барлық түрлерімен күреседі дейді.

    Препарат ең алдымен жануарларда сыналған. Бұл үдерісте вакцина қатерлі ісіктерді «қорғайтын» «өлтіруші» жасушаларға әсер ететіні анықталды. Яғни, ол обыр жасушалары бетіндегі ақуыздың тығыздығын арттыру арқылы иммунитетті «ынталандырады».

    Қазіргі уақытта ғалымдар вакцинаны науқастарда сынақтан өткізуде. Бұл үдеріс сәтті аяқталса, заманалық медицина қатерлі ісіктерге қарсы күресудің жаңа әдісі болуы мүмкін, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates