Өзбекстанда Орталық Азиядағы бірыңғай «Инновациялық вакциналар орталығы» құрылады

    Ғылым 14 Sentabr 2022 1682

    «Инновациялық вакциналар орталығы» – Орталық Азиядағы бірыңғай толық циклді биотехнологиялық өнім өндіретін кәсіпорны, жергілікті және ТМД елдерінің базарын жоғары технологиялық өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті аясында Инновациялық даму министрі Ибрагим Абдурахманов пен «Luye Investment Group Co.,Ltd» компаниясының басшысы арасында онлайн кездесу өтті.

    Онда Инновациялық даму министрлігі компаниямен бірлесіп 2023-2028 жылдары жалпы құны 100 млн. АҚШ долларын құрайтын «Инновациялық вакциналар орталығын» құру туралы Меморандумға қол қойылды.

    Сондай-ақ, кездесуде компанияның ресми өкілі Лю Дяньбо Өзбекстанда Инновациялық даму министрлігі тарапынан коронавирусқа қарсы вакцина жасау және өндіру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарға жоғары баға берді.

    «Инновациялық вакциналар орталығы» – Орталық Азиядағы бірыңғай толық циклі биотехнологиялық өндірістік кәсіпорны, жергілікті және ТМД елдерінің базарын жоғары технологиялық өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Жоба аясында гепатит А, гепатит Б, папиллома, қызамық, сіреспе, тағы басқа да аурулардың вирустарын емдеуде қолданылатын жалпы 2 млрд. долларға тең болған 10 түрлі вакцинаның жылына 200 миллион дозасын шығару жоспарлануда.

    Осы толық циклді биотехнологиялық өндірістік кәсіпорының ғылыми көлемін және болашақта жоғары білікті ғылыми мамандарды тартуды ескере отырып, Ташкент облысында «Инновациялық вакцина орталығын» құру ұсынылып отыр.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates