Сауд Арабиямен инвестициялық ынтымақтастық одан әрі кеңейтіледі

    Инвестициялар 28 Noyabr 2022 1000

    Ағымдағы жылдың 28 ноябрінде Өзбекстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев Сауд Арабиясы Патшалығының инвестициялар министрі Халид әл-Фалихпен бейнеконференцбайланыс арқылы кездесу өткізді.

    Жиналыста Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтың ағымдағы жылдың август айында Сауд Арабиясы Патшалығына сапары барысында қол қойылған инвестициялық келісімдерді жүзеге асырудың ағымдағы жағдайы және оны жеделдету іс-шаралары талқыланды.

    Келіссөздерге екі елдің тиісті министрліктері мен кеңселері, сала бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

    Тараптар көп қырлы екіжақты қарым-қатынастардың күн тәртібін қарастырып, қазіргі оң динамика екі ел басшылығы арасындағы сенімді қарым-қатынасқа негізделгенін атап өтті.

    Энергетика саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың іс жүзіндік жақтары талқыланды. Қазіргі уақытта ACWA Power копаниясы жалпы құны 4 миллиард доллардан тұратын және қуаты 4,1 ГВт-тан асатын 5 жобаны жүзеге асыруда. Жобаларды жүзеге асыруды жеделдету бойынша нақты іс-шаралар қабылдау, сондай-ақ қайта тіктелетін және сутегі энергетикасын дамытуды қамтитын 10 миллиард долларлық жаңа инвестициялық бағдарламаны әзірлеуді ресімдеу туралы келісімге қол жеткізілді.

    Құны 1миллиард 310 мллион долларды құрайтын МТП технологиясы негізінде метанолдан пропилен өндіруді ұйымдастыруды көздеп, химия саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыс барысы қаралды. Ағымдағы жылдың декабрь айында жобаның техникалық және технологиялық параметрлерін әзірлеуді жеделдету мақсатында Сауд Арабиясы компаниялары делегациясының келуі жоспарланған.

    Медициналық және фармацевтикалық саласындағы жұмыстар да дәл осындай сындарлы рухта талқыланды. Тараптар Ташкент қаласы мен Ташкент облысындағы 5 аурухананы күрделі жөндеу, Ал-Хабиб медициналық академиясын құру және фармацевтикалық өндірісті жолға қою туралы пікір алмасты. Сауд тарапы барлық дайындық үдерістерін жүзеге асыру және жобалық құжаттарды қалыптастыруды жеделдету мақсатында сарапшылар тобын жіберуге дайын екенін білдірді.

    Диалог барысында ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды бірге жүзеге асыру болашақтары да қаралды. Климаттық жағдайлар мен топырақ сапасын зерттеу бойынша іс-шараларды өткізуге келісілді. Талдау нәтижелері бойынша Науаи және Ташкент облыстарында 1,8 мың гектардан астам жерде «Al Rajhi International» ва «Ajlan & Bros» компанияларының мамандары тарапынан озық тәжірибе мен технологияларды пайдалана отырып, жұмысты бастайды.

    Тараптар Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қоры мен Өзбекстанның Тіктелу және даму қоры арасындағы біріккен инвестициялық жобаларды бірге қаржыландыру туралы Келісім жасау, сондай-ақ Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорының көмегімен Өзбекстанда Индекске негізделген акционерлік қорын құру болашақтары талқыланды.

    Ауғанстандағы аймақтық маңызға ие инфрақұрылымдық жобаларды, сондай-ақ Өзбекстан-Ауғанстан-Пәкістан теміржол желісін және Срхан-Пули-Хумри электр желісін салуды іске асыруға Сауд Арабиясы инвестицияларын тарту мүмкіндігі айрықша қарастырылды.

    Кездесу қорытындылары бойынша тараптар барлық талқыланған жобаларды уақтылы жүзеге асыруға және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өз міндеттемелерін білдірді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates