Сауд Арабиясы Патшалығына сапары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды

    Ел назарында 5 Avgust 2022 1699

    Үстіміздегі жылдың 3 авгусында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаевтың төрағалығымен министрліктер мен кеңселер, сала бірлестіктері, коммерциялық банктер басшыларының қатысуымен Өзбекстан делегациясының Сауд Арабиясы Патшалығына жоспарланған сапарының дайындығын талқылауға арналған жиналыс өтті.

    Сапарға дайындық барысында атқарылған жұмыстар туралы жауапты басшылардың есептері тыңдалды. Шараның күн тәртібін мазмұнын байыту мақсатында мұнай-химия, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, медицина, банк ісі және қаржы салаларындағы инвестициялық жобаларды, сауда келісімдерін дайындау мен келісуді жеделдету бойынша тапсырмалар берілді.

    Атап айтқанда, «Acwa Power» компаниясымен қол қою үшін біріккен жобалар жинағын дайындауды жеделдету, «Дr. Sulaiman Al-Habib Medical Group» және «Sabik» компаниясымен келіссөздер жүргізу, «Al-Raji International» компаниясымен біріккен жобаларды жүзеге асыру бойынша «Жол картасына» қол қоюға дайындау тапсырылды. Сондай-ақ Саудия компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша келіссөздер жүргізу тапсырылды. Сапар алаңдарында екі елдің энергетика, ауыл шаруашылығы, инновациялық даму, көлік, білім, туризм, спорт, денсаулық сақтау, тағы басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды айқындайтын бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қою жоспарлануда.

    Жиналыс соңында тиісті министрліктер мен кеңселердің басшыларына алдағы сапарға жоғары деңгейде дайындық жасау бойынша қосымша тапсырмалар берілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.