ӘЧ-2022 іріктеу: Өзбекстан құрамасы Сингапурды ірі есепте жеңді

    Спорт 8 Iyun 2021 1142

    Футболдан 2022 жылы Қатарда өтетін Әлем чемпионатына іріктеу ойындары аясында Өзбекстан құрамасы Сингапурды ірі есепте жеңіп, үш ұпайға ие болды.

    Кездесудің алғашқы бөлімінде Өзбекстан құрамасының БАӘ клубында доп тебетін Жалолиддин Машарипов Сингапур қақпасына екі гол соқты және тайм соңына қарай Италия А сериясындағы «Дженоа» клубының шабуылшысы Элдор Шамурадов есепті 3:0 қалпына келтіді.

    Екінші таймда қазіргі кезде қытайлық клубта ойнайтын Адил Ахмедов төртінші голды соқты. Бесінші гол қарсылас команданың шабуылшысы Ирфон Фанди өз қақпасына соғылған голға авторлық етті.

    Осылайша кездесу 5:0 есебінде Өзбекстан құрамасының жеңісімен аяқталды. Қазіргі уақытта «D» тобында Сауд Арабиясы көш бастап келеді – 14 ұпай. Ал Өзбекстан құрмасы 6 ойын қорытындысы бойынша 12 ұпайға ие.

    Алда тағы екі кездесу (11 маусым Иемен – Өзбекстан, 15 маусым Сауд Арабиясы – Өзбекстан) бар.