Сенат 2025 жылға арналған Мемлекеттік бюджет туралы заңды мақұлдады

    Мемлекеттік бюджет табыстары 308,5 триллион сумды, қаражаттары болса 344,8 триллион сумды құрады.

    Сенаттың екінші жалпы мәжілісінде «2025 жылға арналған Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік бюджет туралы» Заңды сенаторлар мақұлдады.

    Атап өткендей, 2025 жылға арналған Мемлекеттік бюджет туралы заң халықтың әл-ауқатын арттыруға, кедейшілікті азайтуға, әлеуметтік саладағы қызмет көрсету сапасын одан әрі жақсартуға, «жасыл экономиканы» дамытуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Оның айтуынша, 2025 жылы экономикалық жағдайларды есепке алған жағдайда инфляция дәрежесі 7 пайыз шамасында болады деп болжауда.

    Атап айтқанда, Заңда орта мерзімді консолидацияланған бюджет тапшылығын жалпы ішкі өніммен салыстырғанда 3 пайыздан аспау міндетін негізге ала отырып, 2025 жылы консолидацияланған бюджеттің кірістері 431,0 трлн. сум, шығыстары 480,5 триллион сум көлемінде қалыптастырылды.

    Мемлекеттік бюджет кірісі 308,5 триллион сумды, ал қаражаттары 344,8 триллион сумды құрауда. Мемлекеттiк мақсатты қорлардың табыстары мен қаражаттары (бюджетаралық трансферттердi есепке алмаған жағдайда) тиiсiнше 66,4 триллион сум және 62,8 триллион сум мөлшерiнде жоспарланып отыр.

    Заңда алдағы жылы да қаражаттардың әлеуметтікке бағытталғандығы сақталып, Мемлекеттік бюджет қаражаттардың 52 пайызы немесе 177,7 триллион сумы әлеуметтік салаға бағытталды.

    Сенаторлар Заңды талқылау барысында бюджет табыстарын арттыруға, бюджет қаржысын мақсатты жұмсалуына баса назар аударды, өз пікірлерін білдірді.

    Заңда 2025 жылға арналған Мемлекеттік бюджеті қаражаттарында экология және қоршаған ортаны қорғау шараларына 3,6 триллион сум қарастырылған. Денсаулық сақтау саласына 41,3 триллион сум немесе 2024 жылғы күтілген орындауға байланысты 19,8 пайызға асқан қаражат бөлу жоспарлануда.

    Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлығы мен қаулылары Министрлер Кабинетінің қаулыларында 2025 эылы аумақтардағы өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу, махаллалардың инфрақұрылымын жетілдіру және мемлекеттік маңызы бар іс-шараларды жүзеге асыру бойынша белгіленген шаралар үшін де қаржы бөлу көзделуде.

    Сенаторлар өз сөздерінде Заңда бюджеттің табыс базасын кеңейтуге, елімізде халыққа лайықты өмір сүру жағдайын жасауға, кедейшілікті азайтуға, білім беруді, денсаулық сақтауды және махалладағы инфрақұрылымды жетілдіруге, сондай-ақ табиғатты қорғауды ынталандыру мәселелеріне баса назар аударылғанын атап өтті.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates