Сенат комитетінде бюджет және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысы талқыланды

    Қаржы 14 Dekabr 2023 999

    Олий Мажлис Сенатының Бюджет және экономикалық реформалар мәселелері комитетінің жиналысында ең алдымен кезектегі жалпы мәжілістің күн тәртібіне енгізілген бірқатар мәселелер қаралды.

    Сондай-ақ, «2024 жыл үшін Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік бюджеті туралы» Заң талқыланып, онда келер жылы Мемлекет бюджетінің табыстары 270,4 триллион сумды, ал шығындары мемлекеттік мақсатты қорларына трансферттерді есепке алып, 312,9 триллион сумды құрайтыны атап өтілді.

    Сондай-ақ, сенаторлар Заңды талқылауда бюджет табыстарын көбейтуге ерекше назар аударылып, жасырын экономикалық қызметті қысқарту, бюджет қаржыларынан тиімді әрі мақсатты пайдалану, бөлінген қаржының тиімділігін қамтамасыз ету туралы пікір білдірді.

    Алдағы жылы да бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыты сақталады және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ғылым, мәдениет пен спортты дамыту, мұқтаж тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және тағы басқа әлеуметтік шараларға жалпы Мемлекет бюджеті қаражатының 50 пайызы немесе 151,5 триллион сум бағытталады.

    «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер енгізу туралы» Заңды талқылау барысында атап өтілгендей, құжатпен Өзбекстан Республикасының Салық кодексіне салық органдарының жылжымалы салық тексерулері мен салық аудиті нәтижелері бойынша қабылданған қаулылары бойынша кәсіпкерлердің тікелей сотқа шағымдануына қатысты шектеулерді жою және сотқа шағымдану мүмкіндігін кеңейту мақсатында өзгерістер енгізілуде.

    Сондай-ақ, «Шаруашылық шіркеттері туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілік қоғамдар туралы» және «Акционерлік қоғамдары мен акционерлердің құқықтарын қорғау туралы» заңдарда кәсіпкер субъектілердің жарғы қорын (жарғылық капиталын) қысқарту туралы қаулы қабылданған кезде кредиторларды жазбаша түрде хабардар етіу ​​және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау талабы жойылғаны тілге тек етілді.

    Осы Заңның кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын тиімді қорғауға бағытталғанын және оның бүгінгі таңдағы маңыздылығын ескере отырып, Заңды кезектегі Сенаттың жалпы мәжілісінің күн тәртібіне енгізу белгіленді.

    Сондай-ақ, Комитет мәжілісінде Наманган және Ферғана облыстары аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған «Жол картасын» іске асыру барысы талқыланып, онда аталған облыстарды дамытуға, халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі жақсату және жұмыс бастылығын қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған істердің жайы талқыланды.

    Атап айтқанда, Инвестициялық бағдарламалар аясында Наманган облысында 705,4 миллион долларды құрайтын 1 072-і жоба және Ферғана облысында 518,1 миллион долларды құрайтын 1 016-ы жоба іске қосылды, сонымен қатар Наманған облысында 639,5 миллион долларлық және Ферғана облысында 827,8 миллон долларлық тікелей шетелдік инвестициялар игерілген.

    Әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Наманган облысында 83, Ферғана облысында 76-ты нысан пайдалануға тапсырылған. Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында Наманган облысында 541, 3 мың әжне Ферғана облысында 558, 6 мың адам жұмыспен қамтылған.

    Бұл ретте, жиналыста халықтың жұмысбастылығын қамту жоспарының сапалы орындалуын қамтамасыз ету, жанұялық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бөлінген несие қаржылардан тиімді пайдаланылуына қол жеткізу мақсатында аумақтардағы шешімін күткен проблемалардың бар екендігіне назар аударылды.

    Комитет мәжілісінде жауапты министрлік пен кеңселерге облыстардағы қызмет көрсету саласын одан әрі дамыту, төмен қуатпен жұмыс істейтін өнеркәсіпорындарымен жұмыс істеу, инвестиция тарту, экспорт көлемін арттыру, халықты баспанамен қамтамасыз ету, баламалы энергияны енгізу, суды үнемдейтін технологияларды орнатутуралы белгіленген міндеттердің атқарылуын қамтамасыз етуде жол берілген кемшіліктер айтылып, осыған байланысты бірқатар ұсыныстар білдірілді.

    Талқыланған мәселелер туралы Комитеттің тиісті қаулылары қабылданды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates