Сенат Төрағасы БАӘ Гендерлік теңдік кеңесінің вице-президентімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

    Дәл қазір БҰҰ Әйелдер жағдайы бойынша комиссиясының 68-сессиясына қатысу үшін Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Біріккен Араб Әмірліктері Гендерлік теңдік кеңесінің вице-президенті Мона Ғанем Ол Марримен кездесті.

    Соңғы жылдары Өзбекстан мен БАӘ арасындағы көп қырлы ынтымақтастық қарым-қатынастар жаңа деңгейге көтерілгені белгілі. Мемлекет басшысының бұл елге ресми сапары екі ел арасындағы достық пен серіктестік қатынастар тарихының жаңа парағын ашып, жан-жақты ынтымақтастықтың кеңеюіне күшті серпін берді.

    Диалог барысында Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, халықаралық рейтингтер, мемлекеттік басқару, сондай-ақ әйелдер құқықтарын кеңейту мәселелері бойынша біріккен жобаларды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасылды.

    Сұхбат барысында қарым-қатынастардың іс жүзіндік жақтары, атап айтқанда, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мен тағы басқа салалардағы бағдарламаларды арнайы семинарлар мен жобалар арқылы бірге жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылды.

    Сұхбат соңында тараптар көп қырлы жан-жақты ынтымақтастықты, сонымен қатар, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету саласын дамыту туралы бірауыздан пікір білдірді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Сенат Төрайымы Мона Ғанем Ал Марриді Самарқант қаласында болып өтетін Азия әйелдер форумына қатысуға шақырды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates