Оған БҰҰ-ға мүше 180-нен астам мемлекеттердің өкілдері дәстүрлі және онлайн түрде қатысуда.
Аталмыш сессияның негізгі тақырыбы климаттың өзгеруін, қоршаған ортаның және апаттар қаупін азайтуға қаратылған саяси шаралар мен бағдарламаларын ілгерілетуде әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері болды.
БҰҰ-ның Әйелдер жағдайы бойынша комиссиясының 66-сессиясында Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева бейнеүндеумен қатысты.
Сенат Төрайымы Өзбекстанның конструктивті диалог үшін негізгі үкіметаралық форум және БҰҰ аясында гендерлік мәселелер бойынша негізгі үйлестіруші орган ретінде Комиссия жұмысын толық қолдайтынын атап өтті.
Сондай-ақ, мемлекетімізде Президент Шавкат Мирзияевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар барлық әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтіні, бұл мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылатыны, гендерлік мәселелерде қол жеткізілген жетістіктер мен нәтижелер атап өтілді.
Үстіміздегі жылдың январь айында қабылданған 2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясында әйелдердің мәселесі, оларды қоғамдағы өмірде белсенділігін арттыру мен қолдап-қуаттау мемлекет саясатының үстем бағыттарының бірі ретінде белгіленгені атап өтілді.
Сонымен қатар, еліміздегі реформалар үдерісіне әйелдердің қатысуы мен рөлін одан әрі арттыру мақсатында 2022-2026 жылдарға арналған Ұлттық бағдарлама бекітіліп, оның мақсаттары 2022-2025 жалдарға арналған “БҰҰ-әйелдер” стратегиялық жоспарларында көзделген мақсаттарға толық сәйкес келуі айтылды.
Бұдан тыс, экологиялық өзгерістерге де назар аударылды. Атап айтқанда, осы проблемаларды шешуде Өзбекстан тарапынан Президент Ш.Мирзияевтың басшылығымен жүзеге асырылған іс-әрекеттер мен жаңа бастамалар сессия қатысушыларына жеткізілді.
Атап айтқанда, бұл ретте қайта тіктелетін энергияларды пайдалануды кеңейту, «Жасыл экономикаға» өту, Аралбойы өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, нақты шаралар әзірлеу, оларды жүзеге асыруда әйелдердің рөлін арттыру, әйел кәсіпкерлерді қолдап-қуаттау істеріне айрықша мән берілді.
Өзекті мәселе бойынша басқа да ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.