Сенат Төрайымы Бүкілқытайлық әйелдер федерациясының төрағасымен кездесті

    Бұдан алдын Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева бастаған делегацияның Қытайға барғанын хабарлаған болатынбыз.

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы ресми сапары аясында Бүкілқытай әйелдер федерациясының төрағасы Шэнь Исин ханыммен кездесу өткізді.

    Сұхбат басында екі елдің тарихи достық қарым-қатынастары мен жыл сайын жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқан өзара ынтымақтастық байланыстарға, мемлекет басшылары арасындағы қол жеткізген маңызды келісімдерді жүзеге асырылу мәселелеріне тоқталды.

    Сондай-ақ тараптар әйел-қыздардың мемлекет пен қоғам өміріне, сонымен қатар экономиканың барлық салаларына, сондай-ақ екі елдің достық қарым-қатынастарын нығайтуға белсенді қатысуын қамтамасыз ету істеріне назар аударды.

    Осы орайда, белсенді өзара тәжірибе алмасу және ынтымақтастық бағдарламаларын енгізу жөнінде пікір алмасылды.

    Сонымен қатар Қытаймен салауатты ана мен бала бағдарламаларын жалғастыру, сондай-ақ белсенді әйелдердің білімі мен дағдыларын арттыру мақсатында оқуларды ұйымдастыру мәселелерін қаралды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates