Кездесулерде аумағымызда қол жеткізілген нәтижелер, сөзсіз, мемлекет басшыларының өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-әрекеттердің арқасында екені баса айтылды.
Сондай-ақ, талқылаулар барысында парламентаралық байланыстарды жаңа мазмұнмен байыту, жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыруда парламенттік бақылауды тиімді пайдалану мәселелері қаралды.
Осы орайда парламентаралық достық топтары мен ынтымақтастық комиссиялардың қызметі тиімділігін одан әрі арттыру қажет екені айтылды.
Сонымен қатар, аймақ елдері арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттары бойынша құқықтық негіздерді жетілдіру, жергілікті өкілдік органдары арасында өзара тәжірибе алмасу істер жолға қою келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.