2015 жылдың 22 декабрінде БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы мәжілісінде 11 февральды «Ғылым-білім саласындағы әйелдердің халықаралық күні»  ретінде жариялау туралы резолюция қабылданды және осы күн БҰҰ-ның халықаралық күндерінің біріне айналды.

Датаға байланысты ұйымдастырылған Форумның мақсаты – елімізде әйелдер жүргізіп жатқан ғылыми зерттеу істерінің нәтижелерін талқылау, жаңа техникаларды, технологияларды және бәсекеге қабілетті өнімдерді жасау мен өмірге енгізуде  қолдап-қуаттау, олардың ғылыми, шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін жетілдіру, өз отбасы мен қоғамдағы және ғылыми-шығармашылық қызметіндегі жетістіктерін үлгі етіп көрсете отырып, қыздарды білімді болуға, заманауи мамандықтарды игеруге баулу мен насихаттау болып табылады.

Форумда Сенат төрағасы Танзила Нарбаева мынадай пікір білдірді.

- Өзбекстан соңғы жылдарда БҰҰ-ның барлық бастамаларын қолдап-қуатауда және осы бастамалардың негізінде барлық бағыттарға қатысты даталарды жан-жақты атап өтуге ғана емес, сонымен қатар саладағы жетістіктерімізді талдауға, бар проблемаларды зерделеуге және алдағы міндеттерімізді анықтауға нақты мүмкіндік болды.

Кейінгі жылдары Президенттің бастамасымен қыз-келіншектерді, әсіресе шалғай ауылдардағы аяулы қыздарымызды ғылым-білімге бағыттау, білім алу мәселесіне көңіл бөлу айтарлықтай артты. Бұл мәселеде жалпы әйелдердің әлеуметтік-саяси белсенділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарда көрсеткіштерімізді жақсартып келеміз.

Әйелдеріміз ғылым-білімнің қайсы бағыттарына қызығады дегенде, ең алдымен педагогика, медицина немесе басқа әйелдерге тән деп білген  дәстүрлі кәсіптерді айтуға үйреніп қалғанбыз. Бірақ қазір әлемнің барлық елдерінде анық пәндер бағыттарында, атап айтқанда, математика, инновациялық және ақпараттық технологиялар, тіпті космонавтика салаларындағы әйелдер үлесін арттыруға үлкен іс-әрекеттер жасалуда. Біз де осы бағыттар бойынша дәйекті жұмыс жасауымыз керек.

Қоғамымызда белсенді, білімді және әлеуетімен бізге мақтаныш болатын әйелдеріміз саны артуда,көптеген жас ғалым қыздар бүгін халықаралық деңгейде танылып, әлемдік ғылымды бағындыруда. Өйткені, бұл қыздарымызға үлгі-өнеге, жоғары мативация болған ғалым әйелдеріміз бар, оларды қолымыздан келгенше құрметтеп, бағалағанымыз абзал. Республикамызда ғылым докторы, профессор әйелдерміз ғылыми зерттеулермен айналысатын жас қыздарымыз саны жылдан-жылға артып келеді.

Осы тұста, белсенді әйелдер қоғамдық кеңестері құрылып, олардың қолданбалары жүзеге асуына, ғалымдарымыздың қызметі көтерілуіне әрбір министрлік пен кеңселер тұрақты қолдау көрсетіп отырса, көздеген нәтиженің боларына сенімдімін.

Форум аясында 10 шуъба бойынша 200-ден астам ғылыми баяндамалар келіп түскен, ағымдағы жылдың 14 февралынан бастап Отбасы және әйелдер комитетінде  өткізілетін секция мәжілістерінде ғылым баяндамалар тікелей ғалымдар, докторанттар, зерттеуші әйелдер мен студент қыздардың қатысуында кең талқыланады. Бар проблемаларды шешуге көңіл бөлінеді.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.