Кездесулер барысында В.Матвиенко мен М.Әшімбаев Т.Нарбаеваны Сенат Төрайымы лауазымына сайлануымен құттықтап, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Сұхбат барысында Өзбекстан Парламентімен қарым-қатынасты жаңа мазмұнмен байыту, жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру, аймақтық өкілдік органдары арасында тиімді диалогты жолға қою бойынша қажетті шаралар қабылдауға назар аударылды.
Сондай-ақ ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясы күн тәртібіндегі маңызды міндеттердің орындалу барысы және парламентаралық байланыстарды дамыту мәселелері де талқыланды, деп хабарлайды Олий Маждис Сенатының баспасөз қызметі.