Сенат Төрайымы жастармен диалог өткізді

    Болашақ ұрпақ 26 Dekabr 2023 969

    Ағымдағы жылдың 25 декабрінде Олий Мажлис Сенатында Жастар форумы аясында Сенат Төрайымымен «Басшы және жастар» атты ашық диалог ұйымдастырылды.

    Оған сенаторлар, Жастар парламентінің мүшелері, жас депутаттар, бастамашыл, белсенді және дарынды жастар, мемлекеттік сыйлықтың иелері мен стипендия иегерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

    Диалог барысында Сенат Төрайымы Т.Нарбаева жастар саясатына қатысты жүргізіліп жатқан реформаларға, жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктерге, басым міндеттерге, заңнамалық жаңалықтарға тоқталды.

    Атап өткендей, соңғы 6 жылда жастар саясаты мәселелері бойынша 106 заң мен нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданып, жастардың құқықтары мен еркіндіктері одан әрі нығайтылып, олардың заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық негіздері жетілдірілді.

    Елімізде 30 жасқа дейінгі 19 миллионнан астам жас бар, бұл жалпы халықтың 60 пайызын құрайды. Мұндай көрсеткіш кез келген дамыған және дамушы ел үшін теңдесі жоқ байлық көзі болып табылады.

    Барлық салалар, атап айтқанда білім, кәсіпкерлік, әлеуметтік көмек және тағы басқа салаларда жастарды жан-жақты қолдап-қуаттау мәселесі жаңа деңгейге көтерілгені тілге тиек етілді.

    Сонымен қатар, соңғы 6 жылда жоғары біліммен қамту 4 есеге өсті (9 пайыздан 38 пайызға дейін). 151 мың студентке 1,7 триллион сумға жеңілдетілген білім беру несиесі берілді.

    Жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге және олардың мәселелерін шешуге бағытталған мүлде жаңа жүйе – «Жастар дәптері» енгізілді. Биылдың өзінде 282 000 жастарға 416 миллиард сум көмек көрсетілді. Республика бойынша жастардың 124 мыңы жас кәсіпке, 133, 800 мыңы кәсіпкерлікке оқытылды.

    Жастар кәсiпкерлiгiн несиелеудiң жаңа жүйесi жолға қойылып, бүгінге дейін 253 мың 789 жуық ұл-қызға 6,2 триллион сум жеңiлдiкпен несие бөлiндi.

    Осы ісжүзіндік істердің нәтижесінде соңғы 6 жылда елімізде 30 жасқа дейінгі кәсіпкерлер саны 8 есеге өсіп, олардың саны 750 мыңнан асты.

    Соңғы жылдары еліміздің дамуына лайықты үлес қосқан дарынды, жанкүйер жастардың 758 жуығы түрлі мемлекеттік сыйлықтарға ие болған.

    Олий Мажлис палаталарықұзырында Жастар парламенттері қызметін жолға қойылғандығы жастардың саяси-құқықтық санасы мен сауаттылығы, әлеуметтік белсенділігін арттыру, олардың заңды мүдделерін қорғау және жастарды заң шығару үдерісіне тартудың маңызы зор екеніне тоқталды.

    Сұхбат барысында Сенат Төрайымы жастардың кейбір мәселелерге баса назар аударуы керектігіне тоқталды.

    Атап айтқанда, жергілікті Кеңестер мен Олий Мажлис палаталарында қаралып жатқан заңдарды жастар арасында қоғамдық талқылаулар ұйымдастыру, олардың ой-пікірлерін, идеяларын және ұсыныстарын Жастар Парламентінің өкілдері арқылы Сенат пен оның комитеттеріне олардың маңызды мәселелері бойынша жеткізу, жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, шет мемлекеттердің жастарымен қарым-қатынас орнату, өзара тәжірибе алмасу, сондай-ақ, парламентте, жергілікті Кеңестердегі жас депутаттардың салмағын жігіт-қыздар есебінен арттыру осылар қатарында.

    Сұхбат барысында түрлі сала өкілдерінің бастамашыл, белсенді, талантты жастары сөз сөйлеп, еліміздегі жастарға қатысты мемлекеттік саясаттың нәтижелі жұмысы мен оның жастар өміріндегі рөлі туралы өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ Сенатпен өзара ынтымақтастық пен тұрақты байланыс орнатуға қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates