Кездесуде сенаторлар соңғы жылдары Өзбекстанда жүзеге асырылған ауқымды реформалардың мазмұны- ерекшелігі туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ елімізде әйелдерді жан-жақты қолдап-қуаттау, олардың білім алулары, кәсіпке баулу, еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету, қоғам өміріндегі әлеуметтік-саяси белсенділіктерін арттыру, түрлі салаларда өз қабілеттерін және мүмкіндіктерін жүзеге шығаруда жағдайлар жасау басты міндетке айналғаны айтылды.
Кездесуде «Өзбекстан-2030» стратегиясының мазмұн-ерекшелігі, мақсат-міндеттері, үстем бағыттары мен мақсаттары туралы, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Конституциясына енгізілген жаңа нормалардың маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірілді.
Сұхбат барысында елімізде әйелдерді әлеуметтік қорғау мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілгендігі, әйелдердің әлеуметтік-саяси белсенділігін арттыру, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдайы қиын әйелдерді жұмыспен қамту, әйел-қыздарды қысым көрсету мен зорлық-зомбылықтан нәтижелі қорғау, отбасылық құндылықтарды нығайту және осы бойынша қабылданған нормативтік-құқықтық құжаттардың мән-мазмұны туралы айтылды.
Сонымен қатар Өзбекстандағы маңызды саяси үдерістердің бірі болған парламентке және жергілікті Кеңестер депутаттығына болып өтетін сайлау үдерістеріне тоқталды.
Сондай-ақ Өзбекстанда парламент сайлауы алғаш рет жаңа редакциядағы Конституция мен сайлау заңдылығына енгізілген өзгерістерге сәйкес өтіп жатқаны айтылды. Сайлауалды насихат шеңберінде жүргізіліп жатқан ауқымды дайындық жұмыстары туралы да ақпарат берілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.
Кездесу көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.