Жиынға сенаторлар, тиісті министрліктер мен кеңселерлдің өкілдері, сарапшылар, Қарақалпақстан Республикасы Жоқорға Кенесі, халық депутаттары облыстар мен Ташкент қалалық Кеңестері тұрақты комиссияларының төрағалары, Жастар парламентінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты.

Есеп беру кезінде министрліктің тікелей қатысуымен 19 шетелдік жоғары деңгейдегі практикалық және ресми сапарлар ұйымдастырылғаны, 38 шетелдік делегациямен кездесулер, келіссөздер жүргізілгені айтылды.

Экономикалық дипломатия саласында түрлі деңгейдегі 2,5 мыңнан астам екіжақты келіссөздер мен шаралар өткізіліп, оның аясында жалпы құны 58 миллиард доллардан асатын инвестициялық жобалар мен сауда келісімдерін әзірлеуге іс жүзіндік көмек көрсетілді.

Өзбекстанның дипломатиялық өкілеттігінің бастамасымен жалпы құны 114,5 миллион долларды құрайтын 22 гранттық жоба жүзеге асырылды. Есеп беру кезінде республикада және шетелде еліміздің халықаралық беделін нығайтуға бағытталған 600-ден астам мәдени-ағартушылық, әлеуметтік және спорттық іс-шаралар өткізілді.

Талқылау барысында сенаторлар бірқатар түйткілді мәселелер мен факторларды атап өтіп, оларды жою министрлік қызметінің тиімділігін арттыруға қызмет ететінін атап өтті. Атап айтқанда, сыртқы саяси қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру қажеттілігі баса айтылды.

Сондай-ақ, сенаторлар министрліктің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу жүйесін бүгінгі күн талабына сай түбегейлі қайта қарау керектігін атап өтті.

Жүргізілген талдау нәтижелеріне орай, 2023 жылдың 1 июль жағдайы бойынша Өзбекстан Республикасы Президентінің Халық қабылдаулары арқылы  келіп түскен қайталанған өтініштер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге өскен. Азаматтардың өтініштерін қарауға үстірт қарау жағдайлары  бар.

Өзбекстан Республикасы Президенті мен Олий Мажлис Сенатының қаулыларында  кейбір міндеттер дер кезінде және толық орындалмаған мәселелерге де парламент мүшелері назар аударды.

Осы кемшіліктерді толық жою туралы нақты ұсыныстарды алға тартты, деп  хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

Ашық және сындарлы талқылаудың нәтижесіне орай, Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды.