Сенаттың Бюджет және экономикалық реформалар мәселелері комитетінің кезекті мәжілісі өтті

    Қаржы 25 Oktabr 2023 1264

    Сенаттың Бюджет және экономикалық реформалар мәселелері комитетінің кезектегі мәжілісі өтті, онда салық және бюджет заңдылығын жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізуге қаратылған заң және Бұхара мен Қашқадария облыстары аумақтарын әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары орындалуын зерделеу нәтжелері қаралды.

    Ең алдымен, «Салық және бюджет заңдылығын жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заң қаралды.

    Заңмен Өзбекстан Республикасының Бюджет, Салық кодекстеріне, сондай-ақ «Өзбекстан Республикасы Олий Мажлиси Заң шығару палатасының Регламенті туралы», «Қайта тіктелетін энергия көздерін пайдалану туралы» және «Мемлекеттік бажы туралы» заңдарға өзгерістер мен қосымшалар енгізіледі.

    Атап айтқанда, Мемлекеттiк бюджет туралы заң жобасын және бюджеттiк құжатты Министрлер Кабинеті тарапынан парламент палаталарына енгiзу мерзiмi нақты белгiленген.

    Бюджет үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында аудандар мен қалалар әкімдіктері қоғамдық пікірі негізінде қалыптасқан іс-шараларды қаржыландыру туралы ақпаратты өздерінің ресми веб-сайыттарында, сондай-ақ «Ашық бюджет» ақпараттық порталында орналастырылуы Бюджет кодексінде көрсетілуде.

    Сондай-ақ, Заңмен Өзбекстан Республикасына қайтарымсыз көмек ретінде келген медициналық құрал-жабдықтардан ақшалай қызмет көрсету үшін пайдалану мүмкіндігі жаратылуда.

    Сонымен қатар, бюджеттік ұйымдарға жалға берілген жер учаскелерінен салықтарды өндіру және төлеу тәртібі, пайдаланылмайтын ғимараттар, өндірістік алаңдары және жер учаскелеріне тиісті салықтардың асырылған мөлшерлемелерін қолдану тәртібі жойылуда.

    Сонымен қатар мәжілісте Бұхара және Қашқадария облыстары аумақтарын әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалу барысын зерделеу нәтижелері жан-жақты талқыланды.

    Атап айтқанда, Бұхара мен Қашқадария облыстары аумағының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары орындалу аясында бірқатар нәтижелерге қол жеткізіліп, алдағы уақытта жүзеге асыруды қажет ететін мәселелер де бар екені анықталды.

    Сонымен қатар, 2023 жылдың январь-сентябрь айларында жалпы аймақтық өнім көлемі Бұхара облысында 37,1 триллион сумды, Қашқадария облысында 41,6 триллион сумды құрады.

    Сондай-ақ, инвестициялық бағдарламалар аясында Бұхара облысында 463 жоба іске қосылып, 351,3 миллион доллар тікелей шетелдік инвестициялар игерілсе, Қашқадария облысында 795 жоба іске қосылып, 245,5 миллион доллар тікелей шетелдік инвестиция игерілді.

    Экономикалық белсенділіктің артуы нәтижесінде Бұхара облысында жаңадан ашылған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4,5 мыңға жуықтап, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 27,5 мыңнан асты. Қашқадария облысында 5 мыңға жуық жаңа шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылуы есебінен жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 29 мыңнан асты.

    Сондай-ақ, дер кезінде тиісті шаралар қабылданбағандықтан атқарылған оңды істермен қатар екі өңірде де әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын жүзеге асыруда проблемалар мен кемшіліктер бар екені айтылып, олардың алдын алу шараларын көруге келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates