Сеулде Өзбекстандағы конституциялық реформаларға арналған дөңгелек үстел сұхбаты өтті

    Сеул қаласында Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенаты төрағасының бірінші орынбасары Содиқ Сафоев басшылығындағы делегацияның Оңтүстік Кореяға сапары аясында «Өзбекстандағы Конституциялық реформалар» тақырыбында дөңгелек үстел сұхбаты өтті.

    Шараға Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Олий Мажлистің Заң шығару палатасының өкілдерінен құралған делегация мүшелері, сондай-ақ Оңтүстік Корея парламентінің, саяси, академиялық және сараптамалық-талдау топтары өкілдері, мемлекеттегі жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғылыми қызметкерлері, провинциялар мен ірі қалалардың басшылары, мемлекеттің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Шараның негізгі мақсаты Оңтүстік Корея жұртшылығын Өзбекстандағы конституциялық реформалардың мән-мазмұнымен таныстыру және осы мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

    Делегация мүшелері Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар, атап айтқанда, адам құқықтары, әлеуметтік мемлекет, жастар мәселелеріне қатысты ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндамалар жасап, жан-жақты ақпарат берді.

    Оңтүстік Кореяның саяси және экспорт аясының өкілдері халықаралық конституциялық тәжірибеге тоқталып, қазірде Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық өзгерістер үдерісін мұқият бақылап отырғанын және Президент Шавкат Мирзияевтың Өзбекстанда және Орталық Азия аймағында бейбітшілік пен дәйекті дамуды қамтамасыз етудегі іс-әрекеттерін жоғары бағалады.

    Шараға қатысушылар Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдап-қуаттап, осы мәселеге қатысты өз пікірлерін білдірді.

    Атап айтқанда, шарада сөз сөйлеген Ханьян университетінің Азия-Тынық мұхиты зерттеу орталығының директоры Ум Гу Хо елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар Жаңа Өзбекстанды құрудағы ең маңызды қадамдардың бірі болатынын атап өтті.

    «Оңтүстік Корея-Өзбекстан» Бизнес ассоциациясы төрағасының бірінші орынбасары Ким Чанг Кеон Өзбекстандағы Ата заңымызға ұсыныс енгізілген өзерістер мен қосымшаларда шетелдік инвесторлар мен бизнес шеңберлер өкілдерінің құқықтарын нығайту және оларға кеңірек мүмкіндіктер жасау мәселесіне де ерекше назар аударылғаны Оңтүстік кореялық серіктестер тарапынан еліміз экономикамызға әкелінген инвестициялар көлемінің артуына негіз болатынын атап өтті.

    Корея Республикасы Президенті жанындағы Солтүстік экономикалық ынтымақтастық басқармасының басшысы Бён Хён Соб Оңтүстік Корея Өзбекстанның ерекше стратегиялық серіктесі ретінде елде жүзеге асырылып жатқан конституциялық өзгерістерді толығымен қолдайтынын білдірді.

    «Корея Республикасы – Орталық Азия» ынтымақтастық форумы Хатшылығының директоры Ли Чонг Гук Өзбекстанның дамуы мен өсуін қамтамасыз ететін кез келген жаңаруларды, әсіресе конституциялық реформаларды жоғары бағалайтынын білдірді. Оның пікірінше, Негізгі Заңға ұсынылып отырған өзгертулер мен қосымшалар Өзбекстанның сыртқы саясат саласындағы қызметін одан әрі жетілдіруге қызмет етеді.

    Оңтүстік кореялық мамандар, сондай-ақ соңғы кездерде Өзбекстан тарапынан халықаралық мінбелерде алға тартылған бастамалардың халықаралық қауымдастық тарапынан мойындалуына назар аударды және үстіміздегі жылдың 11 июлінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының бастамасы Өзбекстан бастамасымен Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы өзара байланысты нығайту туралы арнайы резолюцияны бір дауыстан мақұлдау еліміздің сыртқы саясатындағы ең үлкен жетістіктердің бірі екенін атап өтті.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates